Шымкент: Еңбекші ауданындағы 42 нысан карантин режимін сақтамаған

2311
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімі аппараты, жергілікті полиция және аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы қызметкерлерімен бірге бекітілген мобильдік топ кезекті рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізді.

23-маусым күні жүргізілген іс-шара аясында, карантин талаптарын қатаң сақтау жөнінде 42 коммерциялық құрылымға тиісті ескерту берілді. Ал карантин режимін бұзған 3 сауда орынына хаттама толтырылып, сот органдарына жолдауға құжаттар жинақталуда.

Еске сала кетейік, кәсіпкерлік нысандары санитарлық режимді қатаң сақтап, үнемі бетперде мен бір реттік қолғап киген жағдайда ғана қызмет көрсетуі тиіс. Келушілерден де санитарлық талапты сақтауды талап етулері керек. Олай болмаған жағдайда жауапкершілікке тартылатын болады.

 

Шымкент

Пікірлер