Қырын кетпей, дәл орындалатын ырымдар

3153
Adyrna.kz Telegram

Қазақ әу бастан ырымшыл халық қой. Ескі заманнан бүгінге дейін сақталған ырымдар жетерлік. Алайда төмендегі назарларыңызға ұсынып отырған ырымдар «басқашалау». Күнделікті өмірімізде жиі кездесетін ырымдар. Оқып көріңізші, расымен солай ғой, қалай ойлайсыз?  

 

  1. Егер отбасыңыздың назарын қалап немесе олардың қоңырауын күтсеңіз, уақытты ысырап қылмаңыз. Дереу жуынатын бөлмеге кіріп кетіңіз. 5 минуттың ішінде сізге бүкіл әлем хабарласады: 20 жылдан бері араласпаған сыныптасыңыз қоңырау шалады, хат тасушы да дәл сол сәтте сізді есіне түсіріп, сәлемдеме әкеліп, туыстарыңыз есікті ұрып, «Тездет!» деп айғайға басады, ал балаға горшок керек бола қалады (ал ол жуынатын бөлмеде).

 

  1. Қыс пен қардан әбден мезі болсаңыз, сізге жылы жаққа қоныс аударудың еш керегі жоқ. Жай ғана шаңғы, сноуборд немесе коньки сатып алыңыз. Дәл сол жылы көктемге дейін қар жаумай күйдіреді.

 

3.Жаңбырды ұнатпайсыз ба? Күн көзін бұлт бүркегеннен қолшатырыңызды қолтығыңызға қыса шығыңыз. Ешқашан қолшатырыңызды қолыңыздан тастамаңыз. Аспан қанша түнеріп, ауа райы құбылмасын, сіз үйіңізде қолшатырыңызды ұмытып кетпейінше, жаңбыр жаумайды. Егер қолшатыр алуды ұмытсаңыз, өзіңізге өкпелеңіз, дәл сол күні жауынның астында қалып, малмандай су боласыз.

 

4.Егер жұмысыңыз, көлігіңіз немесе туыстарыңыз саяжайға барып, бақша жұмысын істеуіңізге кедергі келтірсе, қымбат маникюр жасатып алыңыз. Қалай тырнағыңызға бояу жағып, күтім жасауды бастайсыз, сол кезде тырнақты сындыратын, қолыңызды тілім тілім ететін жұмыс шығады.

 

  1. Күткен маршрутыңыз келмей жатыр ма? Темекі тартып көріңіз. Егер қалтаңызда соңғы темекіңіз қалса, кестеге қарамастан автобус екінші рет тартқаныңызша, шаңдатып тұрып келеді.

 

  1. Егер сізге кету керек боп, баламен отыратын ешкім таппасаңыз, кереуетті аударып, жуылатын ыдыс-аяқты таудай қып тастаңыз, үтіктелмеген төсек жапқыштарды да көзге көрінетін жерге үйіп қойыңыз. Дәл осы сәтте тылсым күштер үйіңізге енеңізді жетектеп әкеле жатқанына шүбаңыз болмасын.

 

  1. Кейде ойнауға шыққан балаңызды таппай қалып, аздан кейін тыныштандырғыш дәрі ішіп, телефонға жабысып,ондаған адамға қоңырау шалып, шашыңыз ақырындап ағара бастай ма? Балаңызды табудың жолы оңай. Дереу әйеліңізді құшақтап, бетінен сүйе бастаңыз. Жақындап та үлгермейсіз...балаңыз есікті қағып, өзі жетіп келеді.

 

  1. Егер өзіңізді бұрынғы жігітіңіз бен жауларыңыздың есіне түсіргіңіз келсе, ... жоқ, кешіріңіз, қызыл Мазданы келесі жолы айдайсыз. Бұл жолы басыңызды жумай, жай ғана жыртық халат киіп, қолыңызға қоқыс шелегін ұстап сыртқа шығыңыз. Алдыңыздан көп аңсатпай ата дұшпаныңыз немесе кезінде менсінбей кеткен жігітіңіз шыға келеді.

 

  1. Телефонмен тұтас таныстарыңыз шарқ ұрып іздегенін қаласаңыз, күндіз бір уақыт тауып, жай ғана ұйықтаңызшы. Өзіңіздің қаншалықты қажет адам екеніңізді білесіз.

 

  1. Егер өзіңіз ұнатпайтын көрші келіншек ертең тауға шығып, демалуды жоспарлап отырғанын естісеңіз, осы үшін көңіл күйіңіз бірден түссе, қамықпаңыз. Үйге келіп, тоқтамай кір жуыңыз да, далаға жайыңыз. Көп ұзамай, аспан түнеріп, жаңбыр басталады. Өкінішке қарай, сіз түгел кеппеген кірлеріңізді үйге кіргізесіз, ал есесіне әлгі келіншектің тауға бару жоспарының да талқаны шығады.

 

Дайындаған Айжан ҚҰРМАНБАЙ,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

Пікірлер