Стоунхендж маңында ежелгі тастар табылды

3046
Adyrna.kz Telegram

Археологтардың пайымдауынша, Стоунхендж маңында табылған үлкен біліктердің сақинасы – Ұлыбританияда осыған дейінгі табылған тарихи ескерткіштердің ең үлкені. Бұл туралы ВВС хабарлады.

Шұңқырларда жүргізілген сынақтар оларды неолит дәуіріндегі адамдар 4500 жыл бұрын қазған деп болжайды.

Сарапшылардың пікірінше, 20 немесе одан көп біліктер қасиетті аймаққа байланысты шекара болған болуы мүмкін.

«Біліктер мен тізбектердің мөлшері Ұлыбританияда бұрын-соңды болмаған», - дейді жетекші зерттеуші профессор Винс Гаффни.

Диаметрі 10м (30 фут) және тереңдігі 5м (15 фут) үлкен 1,2 мил (2 км) үлкен біліктердің шеңбері Ұлыбританиядағы кез-келген ескерткішке қарағанда едәуір үлкен (көне) болып есептеледі.

Зерттеу барысында  Сент-Эндрюс, Бирмингем, Варвик, Брэдфорд, Глазго және Уэльс Троицт Сен-Дэвид университеттерінің ғалымдары жұмыс істеді.

Шұңқырлар Стоунхенджден екі шақырым жерде орналасқан Дуррингтон дуалының ежелгі қонысын қоршап тұрған және  қашықтан табу технологиясы мен сынамаларды қолдану арқылы табылған.

  Аударған Нағима Базарқызы,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер