Өзбекстан супермаркеттерінде медициналық бетперде тегін таратылады

2171
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі республикалық комиссия карантин талаптарын 1 шілдеден бастап күшейту туралы шешім қабылдады.

Ірі базарлар мен сауда кешендері демалыс күндері санитария-дезинфекция жұмыстарын жүргізу үшін жабылады.

Қоғамдық орындарда азаматтар екі метрлік арақашықтық сақтап, медициналық бетперде киіп жүруі керек.

Супермаркеттерде тегін медициналық бетперде таратылады.

Карантиннің "қызыл" және "сары" деңгейіне жатқызылған аймақтарда күндіз қоғамдық орындарда үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады.

Тәріп бұзғандар әкімшілік жауапқа тартылады.

Өзбекстанда 8298 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 5496 адам жазылды, 24 адам қайтыс болды.

Centralasia

Пікірлер