Қ. Тоқаевтың бастамасымен "Домбыра" оқулығы әзірленді

7200
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 6-7 сыныптарға арналған "Домбыра" оқулығының тұсау кесері өтеді. Бұл пән орта білім жүйесіне қосымша пән ретінде енгізілмек. Бұл туралы "Қазақ радиосына" телефон арқылы сұқбат берген оқулық авторы, белгілі өнертанушы Жанғали Жүзбаев айтты.

Осыдан тура 1 жыл бұрын Қ.Тоқаев мектептерде қалауы бойынша домбыра үйрену пәнін енгізу бастамасын қолдайтынын айтып, оқулық әзірлеуді тапсырған болатын.

Бүгін көпшілікке таныстырылаты оқулық 200 шақты беттен тұрады.

Оқулықта домбырамен сауат ашу, домбыраны баланың қолына дұрыс ұстату секілді әдістемеліктер қамтылған.

Сондай-ақ Халық әндері мен күйлері, қазақстанда тұратын туысқан халықтарың әндері мен қазақтың классик күйшілерінің туындылары секілді дәрістер бар.

Толығырақ: https://qazradio.fm/kz/news/17449/

Пікірлер