Атырауда бір дәрі екі түрлі бағамен сатылуда

3164
Adyrna.kz Telegram

Атырау облысы әкімінің назарына!

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының назарына!

Елімізде індеттің беті қайтпай, халық дәріханаларды жағалап, керегін таба алмай жатқандығы белгілі. Алайда ем іздеген халықтың қалтасы дәріханалардың өздері қойып алған дәрі бағаларын көтерер емес. Дәрі бағасы аспандап кеткен өңірдің бірі – Атырау қаласындағы «Нұрмед» дәріханасы. Бұл жөнінде «Адырна» ұлттық порталына Атырау қаласының тұрғыны хабарлады. Аяқ астынан анасы ауырып, №7 поликлиникаға провизорға жатқызылған. Сол күні 3.07.2020 жылы сағат 18:30 шамасында Алмагүл микрорайонындағы 24 үйде орналасқан «Нұрмед» дәріханасына дәрі алуға барады. Ол жерден түбіртегінде жазылған Зиромин 500 мг, 3 таблетка Азитроминді 9000 теңгеге алған.

Сағат 21:40 шамасында тап осы дәрілерді Махамбет көшесіндегі «Зерде» дәріханасынан 2280 теңгеге алғандығын айтты. «Нұрмед» дәріханасына қайта хабарласып, себебін сұрап көргісі келген оның өзіне айқайлап берген. Дәрі бағасын үш есе өсіріп отырған дәріхана басшылығы қайда қарап отыр? Халықты бұлай қанай беру қаншалықты дұрыс? «Пайда ойламай, ар ойлайтын» кездің бірі осы емес пе еді?!

Жансая Сман,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер