Цой: Коронавируспен күресуге 114 млрд теңге жұмсалды

2879
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жұмсалған қаражаттың есебін берді. Бұл туралы "Азаттық рухы" хабарлады.

Қазақстан жалпы пандемия кезеңінде коронавирус инфекциясымен күресу үшін 114 млрд 826 млн теңге жұмсаған. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет резерві мен республикалық бюджеттен қанша қаржы алынғанын және ол қаражат қалай жұмсалғанын айтып берді.

«Менде нақты мәліметтер бар. Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жалпы сомасы 114 млрд 826 млн теңге бөлді», - деді министр.

Ендеше Денсаулық сақтау министрінің есебін ұсынамыз. Оның ішінде 40 млрд 58 млн теңге Үкімет резервінен алынды:

21 млрд 184 млн теңге жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға;

2 млрд 30 млн теңгесі – дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдар сатып алуға;

2,5 млрд теңгесі – зертханалардың құрал-жабдықтары мен коронавирусты анықтайтын тест жүйелерін сатып алуға;

100 млн теңгесі – коронаирусты анықтауға арналған реагенттерді сатып алуға;

13,7 млрд теңгесі – ПТР тест әдісімен зертханалық қызмет көрсетуге;

310 млн теңгесі жедел-жәрдем көліктеріне орнату үшін отандық өндірістен шыққан жасанды желдету аппараттарын сатып алуға;

131 млн теңгесі азаматтарды эвакуациялауға жұмсалды.

Ал, республикалық бюджеттен 74 млрд теңге бөлінді:

19,5 млрд теңге – инфекциялық провизорлар мен карантиндік стационарларда медициналық қызмет көрсетуге;

40,4 млрд теңге – карантиндік шараларды жүзеге асыратын қызметкерлерді ынталандыруға;

14,8 млрд теңге – Нұр-Сұлтан, Шымкент, Алматы қалаларында үш инфекциялық аурухана салуға жұмсалды.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан,

"Азаттық рухы"

Пікірлер