Қарулы Күштердің қатарын жасақтау жұмыстары жүргізілуде

3052
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының 2020 жылғы 30 сәуірдегі №312 Жарлығының негізінде азаматтарды әскер қатарына шақыру шаралары жүзеге асырылуда. Көктемгі әскерге шақыру мерзімі басталған кезеңнен бастап Семей қаласынан ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдері мен құрылымдарына, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланына, ҚР ҰҚК шекара қызметіне, мемлекеттік күзет қызметіне 150-ден аса жас жіберілді. Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандар 18 - 27 жас аралығын қамтиды. Елімізде енгізілген карантинге байланысты санитарлы-гигиеналық шараларды қатаң сақтау мақсатында жиын пунктерінде медициналық бекеттер жасақталған.

Биыл әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салуға да тиым салынды. Медициналық бекеттерде комиссия құрамындағы дәрігерлер азаматтардың денсаулығын жіті тексереді. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін жиын пункті мен оған іргелес аумақта дезинфекциялық және ылғалды тазалау жұмыстары әр екі сағат сайын жүргізіледі.

«Әскерге шақырылғандармен психологиялық жұмыстар, сұхбат жүргізіледі. Басты мақсатымыз - шыныққан шымыр ғана емес, денсаулығы мықты, әрі моральдық тұрғыдан борышын өтеуге әзір азаматтарды іріктеу. Себебі, қазіргі жағдайға байлынысты біз барлық тексеруді тиянақты өткізіп қана қоймай, жұқпалы індеттін әскерилердің арасында таралып кетуіне жол бермеуіміз аса қажет»,- дейді Семей қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқарманың штаб бастығы подполковник Бақыт Рахымбаев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер