Қытайлық БАҚ: "Қазақстанда коронавирустан да қауіпті белгісіз пневмония тарауда"

4969
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрлігі БАҚ-та жарияланған Қазақстандағы "белгісіз, өлім деңгейі жоғары пневмония" туралы мәлімдемеге жауап берді. Министрліктегілер бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

"Кейбір қытайлық БАҚ-та Қазақстанда коронавирусқа қарағанда өлім деңгейі үлкен белгісіз пневмония жағдайлары тіркелгені айтылған. Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейді".

"ДДҰ аурулардың халықаралық классификациясын енгізген - АХК-10 пневмонияны есептеу коды, бұл коронавирус диагнозы клиникалық немесе эпидемиологиялық болған кезде қойылған, мысалы, зақымдалған өкпеде "күңгірт шыны" белгілері бар, бірақ зертханалық расталмаған жағдайды айтады.

Осыған байланысты, Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты пневмонияның бұл түрін есепке алуды және бақылауды жүргізеді, бұл коронавирус инфекциясының таралуын тұрақтандыруға бағытталған уақтылы басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді", - делінген министрлік таратқан хабарламада.

 

 

Пікірлер