Ресейден 45 тоннадан астам дәрі-дәрмек жеткізілді

2815
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/07/dәriler-960x500.jpg?token=cb48e1dea5294d8ce425a2d7da47dadf
Алматы халықаралық әуежайына Ресейден дәрі дәрмек тиелген  тағы бір ұшақ келді. Бұл жолы 30 тоннаға жуық препарат жеткізілді. Қазіргі кезде елімізде  тапшы болып тұрған  азитромицин, меро-пенем, гепарин, фраксипарин сынды  вирусқа қарсы және дене қызуын басатын дәрілер келді. Еске сала кетейік , кеше түстен кейін Алматыға дәл осындай жүкпен алғашқы ұшақ 15 тонна дәрімен келіп қонған болатын. Осылайша  бір тәулікте Ресейден  45 тоннадан астам  дәрі-дәрмек жеткізілді.  Бұлар  еліміздің  өңірлеріндегі дәріханаларға   таратылады.

-Дәрі-дәрмектер  алдағы екі айда сұранысты  толығымен  қамтамасыз етуге жеткілікті,  Ал келер аптада Үндістаннан дәрі-дәрмекпен тағы екі ұшақ  ұшып келуі тиіс, - дейді қала басшылығы.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии