Шымкенттік дәрігерлердің іс-шарасына түсінік берілді (видео)

3450
Adyrna.kz Telegram

Бірнеше сағат бұрын Facebook желісінде Шымкент қаласы  дәрігерлерінің көшеде тізіліп тұрған видеосы тарап кеткен еді. Көпшілік бұл видеоны аза тұту рәсімі деп қабылдады.

Аталған видеоға Шымкент қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері түсінік берді.

"Әлеуметтік желіде видеосы тарап жүрген ақ халаттылардың қатысуымен өткен іс-шара Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Бейне-роликтегі туберкулез диспансері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме болып табылады", - делінді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының феисбук парақшасыда.

Ал "Тенгринеус" Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановтың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме беріп,  қалада санитарлық  нормаларды сақтай отырып, үш жерде іс-шара өткізгені туралы жазды.

Айтуынша, Түркістандағы бас тудың маңында бір минут үнсіздік жарияланып,  полицейлер, қалалық емхананың қызметкерлері, облыс әкімі мен аппарат қызметкерлі қайтыс болғандарды аза тұтқан.

" Ал Шымкенттегі туберкулез диспансерінің бас дәрігері қажет емес бастаманы қолға алып, аурухананың бүкіл ұжымын сыртқы шығарып акция өткізді. Дәрігерлерді осындай қиын сәтте мазалау, былайша айтқанда, қылмыстық озбырлық", - деді Қалқаманов.

Пікірлер