42 500 теңгеге өтініш қабылдау жұма күні басталады

2318
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, карантинге қатысты шектеулер салдарынан табыссыз, жалақысыз қалған азаматтарға ең төменгі жалақы көлемінде бір реттік көмек беру туралы шешім қабылданды. Оның көлемі - 42 500 теңге.

Министр өтініш беруге арналған электорнды портал осы аптаның бесінші күніне дейін дайын болатынын, тұрғындарға әзірге асықпауын өтінді. Ақша аудару 20 шілдеден бастап жүзеге аса бастайды.

«Халықтың тарапынан түсіп жатқан сұрақтарға қысқаша жауап берейін. Төлем бұл жолы кімдерге төленеді? Бұл жолғы 42 500 төлем төтенше жағдай кезіндегі қағидатқа сай төленеді. Яғни, жұмыс істеп жүріп, табысынан, алып жүрген жалақысынан айырылған азаматтарға төленеді.

Қашан төленеді?

Бұл жолғы төлем жасаудың операторы ретінде тағы да мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры белгіленді. Өткенде бұл қордың қаржылық жағдайы туралы айтқанбыз. Қаржы мәселесі қиын. Бірақ, бүгін шешім қабылданды. Ұлттық банк үкіметпен бірлесіп бір апта ішінде Қордың қаржыық жағдайын шешуі керек. Оған дейін біз өтініш қабылдайтын порталдарды дайындаймыз. Осы жұма күні бүкіл портал өтініш беруге дайын болуы керек. Сол күннен бастап өтініш қабылдау басталады. Ал, 20 шілдеден бастап төлемдерді аударуға кірісеміз. Әзірге, электронды үкіметке, 42 500 сайтына кіріп, әуре болмаңыздар. Порталдарды біз жұмаға дейін дайындауға тырысамыз, төлем 20 шілдеден басталады деген үміт бар», - деді Нұрымбетов.

 

Пікірлер