Шымкентке Ресейден дәрігерлер келді

2064
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласына Ресейден бір топ дәрігер келді. Сапарларының мақсаты – коронавирустық инфекциямен күрес бойынша тәжірибе алмасу. Сондай-ақ олар COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күресу бойынша консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді. Дәрігерлердің арасында инфекционист, реаниматолог, анестезиолог-реаниматолог, эпидемиологтар бар.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы топпен кездесіп, қаладағы қазіргі эпидемиологиялық жағдайды баяндады. Ресейлік дәрігерлерге  бірлесе жұмыс жасауда табыс тіледі.

«Қазір әлем бойынша дәрігерлер коронавирустық инфекцияны емдеудің жаңа әдістерін зерттеп, өзара тәжірибе алмасуда. Мемлекеттер арасындағы тығыз ынтымақтастықтың арқасында біліктілік арттырып, тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болып отыр. Осы орайда, Сіздерді Шымкент қаласында көріп отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Мұрат Әйтенов.

Ресейден келген дәрігерлер 3-4 топқа бөлініп, белгілі бір ауруханаға бекітілетін болады.

Бұл күндері  Шымкент қаласында короновируспен күрес бойынша ем алу шараларын жүргізуге 3264 медицина қызметкері жұмылдырылған.

Шымкент 

Пікірлер