Қарағанды ойын-сауық мекемелері карантин талаптарын орындамай келген

683

Қарағанды облысының өңірлік жедел штабының жедел әрекет ету орталығы 17 шілде күні Қазыбек би атындағы ауданда бизнес нысандарының карантин режимін сақтауын тексеру бойынша рейдтер өткізіп, заң бұзушылық анықтады. Бұл туралы "Адырна" әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қарағанды облысының өңірлік жедел штабының жедел әрекет ету орталығы 17 шілде күні Қазыбек би атындағы ауданда бизнес нысандарының карантин режимін сақтауын тексеру бойынша рейдтер өткізді. 22.00-ден кейін жұмыс істейтін кафелер мобильді топтың ерекше бақылауында болды.

Сондай-ақ, кальян клубтары, барлар, сауналар, техникалық қызмет бекеттері тексерілді.
Белгілі болғандай, жекелеген кәсіпкерлер карантиндік талаптарды елемейді және 22.00-ден кейін жұмыс істейді.

Тыйым салынғанына қарамастан, кальян "Hookah House" ашық болған. Түнгі уақытта "Хан" сауна, "Ажур", "Азия", "Nell' s After work bar" кафелері, "Сәлем" азық-түлік дүкені (Ержанов к-сі, 39/2) және ТҚС (Асфальтная к-сі, 26) жұмыс істеді.

Енді аталған бизнес нысандарының басшыларына 640 мың теңге (230 АЕК) айыппұл салынады.
Полиция қызметкерлері карантиннің талаптарын көбіне көңіл көтеру орындары елемейтінін атап өтті.

Пікірлер