Тоқаев: Ауруханаларды оттегімен қамтамасыз етуге бес күн уақыт беремін

5372
Adyrna.kz Telegram

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің таралу ахуалы жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның отырысын өткізді.

Президент  ауыр науқастардың көбеюіне байланысты ауруханаларды оттегі аппаратымен  қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіндегі ең басты мәселе болып отырғанын жеткізді.

«Мемлекеттік органдар тарапынан үйлестіру болмағандықтан, тұрғындар бұл мәселені өз бетінше шешуге тырысуда. Бұл ақылға қонымсыз! Үкімет пен әкімдер ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету үшін бес күндік мерзімге ие болады», - деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қалалардағы жағдайды тұрақтандыру кезінде ауыл тұрғындарын да ұмытпау керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде диагностика мен емдеу, қажетті дәрі-дәрмектер мен препараттар ауыл тұрғындарына дұрыс жетпей жатыр.

 «Медициналық кадрлардың жетіспеушілігі және қажетті инфрақұрылым мәселесі ауылдық жерлерде өзекті болып отыр. Үкімет 2300 әмбебап мобильді бригадалардың құрылуы туралы хабарлады. Алайда,  олар негізінен қала тұрғындарына қызмет етеді. Біз ауылдарды қараусыз қалдыра алмаймыз! Мен ауылдарды қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Президент.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер