"Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы қалай жүзеге асуда?

5870
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 31 қаңтардағы "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Жолдауымен "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

Бағдарлама негізгі 4 бағытты қамтиды. Бағдарлама мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету жүйесін жетілдіру, ел экономикасының даму қарқынын жеделдету және Қазақстан халқының өмір сүру сапасын арттыру. Бағдарлама жай ғана интернет сауда мен электронды жұмысты дамытумен шектелмей, барлық қалалардың технологиялық эко жүйесін құрастыруға, экономикалық салалар мен мемлекеттік  құрылымды жақсартуға  технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамытуға жағдай жасауға арналған.

Қазіргі кезде әлемдегі барлық мәліметтердің 99% цифрлық жүйеге көшірілген. Интерент экономикасы жылына 15-25%-ке өсіп келеді.

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы  екі кезеңмен жүзеге асырылуда. Біріншісі – 2017-2019 жылдарды қамтыса, екіншісі 2020-2025 жылдарға арналған.

Цифрландыру жүйесінің арқасында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы қағаз құжаттар айналымы 70 млн  құжатқа қысқарды. Құжаттардың орташа пакеті 30%-ға (6 құжаттан 4 құжатқа)  азайды. Ал мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 31 күннен 10 күнге қысқарды.

Денсаулық сақтауды цифрландыру айтарлықтай нәтиже беруде. Мысалы, бұл күндері дәрігерлердің 50 пайыз уақыты үнемделді. Биыл аудандық деңгейдегі емханалар 100 пайыз компьютермен жабдықталады. Ал медициналық мекемелерді ақпараттық жүйеге қосу 93 пайызға жетеді.

Әлеуметтік еңбек саласында да алға жылжу бар. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің деректері бойынша, электрондық еңбек биржасы арқылы 523 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

Цифландыру жұмысына соңғы екі жылда жұмысына соңғы екі жылда 35 млрд теңге жұмсалған.  2020 жылғы мәліметке сәйкес, цифрландыру жұмысы бойынша еліміз 193 мемлекеттің ішінде  29-орынға шықты, Ал екі жыл бұрынғы рейтейнгте 39-шы сатыда тұрған.

Өкінішке қарай елімізде сапалы интернетпен қамту жұмыстары көңіл көншітпейді. Қазір 100-ден аса қала мен 3 мыңнан аса ауылда кең жолақты интернет болса,  2 мың жуық ауылда интернет жоқ. 2019 жылы Қазақстан 176 елдің ішінде интернет жылдамдығы бойынша 67 орында болған.

 

Бұл министірлікті 2018 жылыдан  Вице пример, министр Асқар Жұмағалиев басқарады. Қазақстан әлемдік ретингте ұялы байланыс абоненттері бойынша 2018 жылы 21 орында болған. Қазір төтенше жағдай жарияланып оқушылар мен студенттер үшін қашықтан оқудың қиындығын сезінді. Қазір қазақстанда 100ден аса қала мен 3мыңнан аса ауылда кең жолақты интернет бар. Ал 2 мың жуық ауылда интернет жоқ. Бар ауылдарда жылдамдық өте төмен.  2019 жылы Қазақстан 176 елдің ішінде интернет жылдамдығы бойынша 67 сатыға жайғасқан. Әлемдік ұйымдардың есебінше 2019 жылы Қазақстандық интернеттің орташа жылдамдығы секундына 4/66 мегабит болған.

 

Ақпан айында Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында ҚР цифрық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы баяндамасында соңғы екі жылды инновациялық экожүйеге 32,8 млрд теңге тартылғаны туралы айтты.

Асқар Гүлвира,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер