42 500 теңге: Тұрғындардан 1 млн 730 мың өтініш түсті

2297
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 22 шілде күнгі сағат 9.00-ге  дейін 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға ел тұрғындарынан  1 миллион 730 мың өтініш қабылданғанын хабарлады. 

Бір жолғы төлем 1 миллион  309 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 1 миллион 122 мың қазақстандыққа аударылды.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 1 миллион 730 мың өтінімнің ішінде:

- 782,87 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берді;

- 423 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

- 146,1 мың адам  42500.enbek.kz порталы арқылы;

- 378 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

- 782,87 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);

- 92,86 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берді;

- 854,4 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер; жеке практикамен айналысатын адамдар; азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Еске салайық, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылдың шілде айында карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істеп жатқан қазақстандықтарға табысы толық жоғалған жағдайда бір ең төменгі жалақы - 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленетін болды.

Төлем алу шарттары сілтемеде хабарланған.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер