Түркістан полицейлері бұзақылық іс бойынша тергеу амалдарын жүргізуде

4575
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысы Кентау қаласына қарасты Шорнақ ауылындағы төбелеске қатысты ресми мәлімет шықты.

Оқиға 21 шілде күні түнде басталған. Әлеуметтік желідегі видеолар қоғамның ашу-ызасын тудыруда.

"21.07.2020 жылы түнгі сағат 01:00 шамасында Кентау қалалық ПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан, өзін және туыстарын ауылдастары ұрып-соққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Бұл жайт ҚПБ-не тіркелді. Оқиға орнына шұғыл Түркістан облысы ПД басшылығы бастаған жедел-тергеу тобы шықты.
Полицейлер жүргізген жедел-тергеу іс-шарасы барысында анықталғандай, ауыл көшелерінің бірінде ер адам мен ауылдасының арасында түсінбеушілік орын алған. Арада біраз уақыт өткен соң, жәбірленушінің үйіне бірнеше автокөліктермен белгісіз тұлғалар келіп, оның үйі мен көршілерінің ауласына қарай тас лақтырып, содан белгісіз бағытқа жасырынған. Жәбірленушінің 3 туысы жарақат алған. Оларға медициналық көмек көрсетілді. Оқиға орнына бірінші болып жеткен Кентау ҚПБ-нің учаскелік инспекторы да жарақат алған. Учаскелік полиция инспекторы Нұрлан Құралбаев тұрғындардың қару қолдануына жол бермеген.
Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде жедел уәкілдер 4 күдікті тұлғаны анықтап, ұстады. Орын алған жағдайдың барлығы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады, " - деп мәлімдеді Түркістан Облысының Полиция Департаменті.

 

Осы оқиғаға байланысты журналист Олжас Мамыр анықтаған ақпарат бойынша, Алмас есімді жігіт Ифтархар деген жігітті  мас күйінде тоқтатқан.

Олжас Мамыр, журналист:

Түркістан облысы Қосмезгіл ауылында  түнгі 12 шамасында үйіне қайтып келе жатқан Ифтихар есімді тұрғынына осы ауылдың Алмас есімді жігіті мас күйде тоқтатып, тиіскен. Нәтижесінде екеуінің арасында кикілжің туып, Ифтихар өз көлігіне отырып, үйіне кетіп қалған. Алмас өз жолдастарына Ифтихар оны соққыға жықты деп айтқан. Ауыл жігіттері жиналып, Алмастың сөзіне еріп Ифтихар мен оның туыстарының үйіне тас лақтырып, дене жарақаттарын салған. Мас күйде ұлт арасына от салуға болмайды. Істің анық канығын біліп әрекет жасайық ағайын!!!!

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер