Қордай, Шорнақ, Сәтпаев қақтығысы. "Қазақ мәселесі" шешілмей, елдегі жағдай ешқашан дұрысталмайды!

4559
Adyrna.kz Telegram

Соңғы бір жылда біздің билік сабақ алатын талай оқиға болды. Біз әлі күнге дейін соның зардабын тартып келеміз. Бірақ ешқашан сабақ алған емеспіз.  Біз емес, билік сабақ алған жоқ.

Егер күні бүгінге дейінгі  өмір сүріп келген билік жүйесі  осы қалыппен ары қарай кете беретін болса, алдағы уақытта жағдай тіпті күрделене түседі.

Ал Қордай қақтығысынан кейін жағдай қалыпқа түсті ме? Жоқ. Кеше Шорнақта тағы шу шықты. Сан ұлттың басын қосып, биік мінбелерден дайын біреулерді сөйлетіп отырған  Ассамблея мен қоғамдық келісім министрлігі қайда қарап отыр? Жасанды ұйым қыруар қаржы бөлініп, өзге эностарға жарасым беріп отырған шығар. Бірақ біздің айтарамыз: Қазақстан дейтін тәуелсіз мемлекетте «қазақ мәселесі» шешілмей, жағдай ешқашан дұрысталмайды!

Ал «қазақ мәселесінің» астарында не жатыр?

-Ана тілінің, қазақ тілінің  30 жылдан бері шешілмеген түйіні жатыр;

-Жылдар бойы бойы жиналып қалған проблемалар тұр;

-Елдің басым бөлігін құрайтын қазақ халқы  кедейліктің қамытын киіп отыр;

-Отандық өндіріс әлі ойдағыдай дамыған жоқ. Бәрі  шетелден тасымалданады, әлі де импортқа тәуелді елміз;

-Теңге құнсыз, баға бақылаусыз, жыл сайын өсіп барады;

-Қарапайым халық пен бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін азаматтардың жалақысы  жартымсыз. Айлығы шайлығына жетпейді;

-«Алдымен –экономика, сосын саясат» тұжырымы популистік бос әңгіме екендігін бүгінгі уақыт көрсетіп берді;

-Қоғамды жайлаған жемқорлық  жүйе халықты әбден шаршатты;

-«Бәрі бақылауда» дейтін биліктің әрекетінен ел әбден мезі болды. Ел бүгін билікке сенбейді;

-Мемлекеттің мұнайын сатып байыған билік басындағылар  халқына жағдай жасай алған жоқ. Бірақ өздері байып алды;

-Қазақстанның мұншама табиғи байлығымен  30 жылдың ішінде қазақтың табысын молайтып, дәулетін арттыруға болар еді;

-Жоғарыға жалған ақпарат беру арқылы «табысты керемет етіп, еселеп көрсету»  біздің кешегі билікті жарға жықты. Ал бүгін озық 30 мемлекет түгілі,  дамыған 50 елдің  қатарына да ене алмай қалдық;

-Билік пен халықтың арасы барған сайын алшақтай түсті;

-Қазақстан кез келген тосын жағдайға дайын болмай шықты. Індет іргемізді ашты, әлеуетіміз әлсіз, денсаулығымыз дәрменсіз болып шықты. Ажалмен бетпе бет қалдық;

- «Цифрлы Қазақстан» сиқымызды көрсетті;

Мұндай пікір мен тұжырымды одан ары дәйекті түрде жалғастыра беруге болады. Бірақ ақиқаты...

Мемлекеттің саясат пен ұлттық идеология елдің 70 пайызын құрайтын қазақ деген ұлт арқылы арқылы жүргізілетінін билік өздері ұқтырып, өзге этностарға үнемі ашық айтып отыруы  тиіс. Ал бізде әлі күнге дейін «орыстар ренжиді, басқа этностардан ұят болады» деген жалтақ көзқарас бар.

Ал жалтақтық ұлтты өлтіреді. Дұрысы...

Қордаланып қалған  «қазақ мәселесі» шешілмей, елдегі жағдай ешқашан дұрысталмайды! Ашынған халық не істейді? Көшеге шығады, көлікті өртейді.

...Тоқаев билігі мұны түсіне бастаған тәрізді.

 

Еркін Қалдан,

«Адырна» ұлттық порталы

 

 

 

Пікірлер