Ежелгі Майя өркениеті қалай құрыды?

6085
Adyrna.kz Telegram

Майя үнділері Орталық Америкадағы дамыған мәдениеттің иелері, бұл уақыт Ежелгі Рим дәуіріне сәйкес келді. Бірақ 9 ғасырдың аяғында олардың керемет қалалары қаңырап, бос қалды. Жаңа ғылыми деректер ежелгі өркениеттің құлдырау себептері туралы бұрынғы гипотезаларды қайта қарауға мәжбүр етті деп жазады "Риа Новости".

Майя қалаларының жұмбақтары

Майя халықтары Юкатан түбегінде қырық ғасырдан астам уақыт өмір сүрді.  Ол жақтан табылған заттар біздің дәуіріміздің екінші мыңжылдығына жатады. Ал, І мыңжылдықта үндістердің қалалары болды. 250 жылдан бастап 900 жылға дейін майялар гүлдене бастады. Оларда өнер, ғылым, сәулет, әлеуметтік институттар, жазу және астрономиялық күнтізбе болды.
Бірақ 810 мен 1050 жылдар аралығында барлық Мая қалалары қаңырап бос қалды. Мутул патшалығының астанасы Тикалды 950-ге жуық тұрғындар тастап кеткен.
Майялар ешқашан біртұтас империя болған емес. Олардың қала-мемлекеттері бір-бірімен, сондай-ақ көршілес патшалықтармен үнемі соғысып тұрды, олардың ең қуаттысы бес ғасыр өмір сүрген қазіргі Мехико аймағында орналасқан Теотихуакан болды. Бірақ одан ертерек, дәлірек 7 ғасырдың аяғында олар ол жерді тастап кетті . Тарихшылардың пікірінше, бұл жанартаудың атқылауы мен ұзаққа созылған құрғақшылық сынды табиғи апаттардың салдарынан болған әлеуметтік қақтығыстарға байланысты.

Бірінші нұсқа. Құрғақшылық және су тапшылығы

Мексикадағы Чичанканаб көлінің төменгі шөгінділерінің изотоптық талдауы 9-10 ғасырлардың аяғында қатты құрғақшылық болғанын көрсетті. Ғалымдардың есептеуінше жауын-шашынның жылдық мөлшері 50-70 пайызға, ал салыстырмалы ылғалдылық екіден жеті пайызға төмендеді.
Юкатанда б.з.д. 200 жылы  құрғақшылықтың салдавры өте ауыр болды. Содан кейін, археологтардың айтуынша, Майяның үлкен қаласы Сейбал қаласының халық саны күрт төмендеді. Тикал тұрғындары болса бұл жағдайға бейімделе алды. Суару каналдары мен су қоймаларының жүйесін құрып, олар  басқа дақылдармен салыстырғанда аз ылғалдылықты қажет ететін жүгеріні өсіруге көшті.
Бірақ бұл, ғалымдардың пікірінше, 9 ғасырдағы ұзаққа созылған құрғақшылық кезінде көмектеспеді. Су қоймалары толмай, бірнеше жыл қатарынан егіннің жетіспеушілігінен зардап шеккен қаншама адамдар елдің әр түкпірінен Тикалға жиналды. Тамақ пен су таусылғанда, адамдар амалсыз джунглиге кірді.
Бұл нұсқаның сенімділігін сол кезде Тикалмен қатар бір уақытта дерлік оңтүстік пен Юкатанның орталығындағы барлық ірі қалалардың бос қалғаны растайды. Ондаған жылдар бойы жаңбыр болмағандықтан , солтүстікке қарай, тауларға жақын елдімекендер тірі қалды. Мысалы, Каминалхую сияқты кішігірім елді мекендерддің халқы зардап шеге қоймады.

Екінші нұсқа. Сынаппен уланған

Тикалдың құлдырауының бастапқы нұсқасын жақында американдық ғалымдар ұсынған болатын. Олар қаланың төрт негізгі су қоймаларынан шөгінділердің геохимиялық және молекулярлық-генетикалық талдауларын жүргізді және олардың екеуінде, дәл сол жерде орналасқан, сынап пен фосфаттардың мөлшері шамадан тыс болатындығын және улы цианобактериялардың іздері бар екенін анықтады.
Мұндай сипаттамалары бар су ішуге ғана емес, өлімге де әкеледі. Спектрометриялық талдауларға сүйене отырып, зерттеушілер сынаптың қайнар көзі - үндістер қызыл бояу жасау үшін қолданатын минералды пигмент киноварь деген қорытындыға келді. Олар оны ғимараттарды, саздан жасалған бұйымдарды және басқа заттарды безендіруге пайдаланған. Найзағай кезінде сынап пигменттен жуылып, ағып, резервуарда ұзақ жылдар бойы сақталып келді.
Бір қызығы, су нысандарындағы сынаптың ең көп мөлшері қала тұрғындарының күрт төмендеу кезеңінде болады.
Сонымен бірге, авторлар ластанған екі су қоймасынан басқа Тикал тұрғындары су ала алатын бірнеше басқа су қоймалары болғанын мойындайды. Онда зиянды қоспалар табылған жоқ. Сондықтан екінші нұсқа екіұшты.
Тикальдағы төрт (түрлі-түсті) су қоймаларындағы сынап деңгейі және қала халқының қисығы - классикалық кезеңнің соңында күрт төмендеу байқалады

Үшінші нұсқа. Жүгері диетасымен байланысты

Американдық антропологтар Белиздегі ежелгі Кахал Печ қонысының елу қабірін зерттеді. Радиокөміртекті мәліметтер бойынша олардың кейбіреулері біздің заманымызға дейінгі 735-400 жылдарға, ал кейбіреулері біздің эрамызға дейінгі 800-850 жылдарға, яғни құлдырау кезеңіне жатады.
Сүйек коллагеніндегі көміртегі мен азоттың тұрақты изотоптарының құрамын өлшеу арқылы ғалымдар адамдардың не жейтінін анықтады. Мамандардың ерте кездерде жүгері, басқа өсімдіктер мен жабайы жануарлардың етінен басқа да диетасы көп болатындығы белгілі болды. Кейінгі кезеңдерде бұл тек жүгеріден тұрды.
Жүгері - ыстықта да, сусыз  өсетін қарапайым дақыл. Құрғақшылық кезінде үндістерде басқа ештеңе болмады. Мұндай монотонды диета бар адам ағзасы осал бола бастайды. Сондықтан, антропологтардың пікірінше, майя тайпасы ыдырап, бұзылуы мүмкін.

Төртінші нұсқа. Жалпы соғыс

Майялар қашан да бір-бірімен шайқасқан. Шежірелерде бір қала билеушісі көршілерге шабуыл жасап, олардың басшыларын тұтқындағаны туралы көптеген деректер бар.
Бұрын көптеген жергілікті соғыстар  эпизодтық сипатта және дәстүрге сай болды деп ойлайтын. Олар тұтқындарды құрбандыққа шалу үшін немесе асыл тұқымды отбасылардан кепілге алу үшін тұтқындайтын. Майя шежірелерінде әр түрлі патша отбасыларының өкілдері билік жүргізген кезде жиі династиялық қақтығыстар туралы айтылады. Алайда американдық ғалымдардың жақында ашқан жаңалықтары бұл көзқарасты қайта қарауға мәжбүрледі.
Берклидегі Калифорния университетінің антропологтары АҚШ-тың геологиялық зерттеуімен бірге Гватемаланың солтүстігіндегі ежелгі Вицна қаласының маңындағы көл шөгінділерінен 7-ғасырдың аяғындағы  ежелгі қаланы тапты. Жазба деректерге сәйкес, Вицнаны көрші қала-Наранжо қаласының жауынгерлері басып алып, өртеп жіберген. Винцаны талқандардан біраз уақыт бұрын Наранжо аумағының бір бөлігін жоғалтқан еді, ал жеті жасар ұлының атынан билік еткен патшайымы бәсекелес қалаларды жою үшін әскери жорық бастады.
Зерттеушілер олардың ашылуы осы оқиғаға байланысты екеніне сенімді. Олар мың жыл бойы жинаған Эк'Нааб лагунынан жеті метр негізгі сынамаларды қарап, өртенген көмірдің тек бір қабатын, б.э.д. 690 және 700 жылдар аралығындағы радиокөміртекті көрді. Шежіреде көрсетілген Вицнаны басып алу күні 697 жылдың 21 мамыры.
Мая көршілеріне шабуыл жасау кезінде тек адамдарды басып алып қана қоймай, сонымен қатар жернді өртеп, күйдіру тактикасын да қолданды, олар барлық ғимараттар мен егіндерді өртеді. Тарихшылар тіпті майя шежірелерінен пулууй деген ерекше бір сөз тапқан. Пулууй, бұл жаудың қаласын өртеу дегенді білдіреді.
Сонымен қатар, өлгендердің үлкен молалары, бекіністі қалалар мен үлкен әскерлер, олардың саны жергілікті патшаларға мақтаныш сыйлайтын.  Осыған қарап Майя өте қатал және қатыгез болған деп болжауға негіз бар. Яғни, ғалымдардың пікірінше, олар бір-бірін жойып жіберуі мүмкін еді.
Айтпақшы, сол Тикалды IV ғасырда Теотихуакан әскерлері жаулап алып, өртеп жіберген. VI ғасырда қала көрші Калакмульмен аймақтағы көшбасшылық үшін күресіп, нәтижесінде жеңіске жетті. Калакмуль дәл Тикалмен болған соғыстың кесірінен ыдырап кетуі мүмкін.

Бесінші нұсқа және соңғы. "Жұт жеті ағайынды"

Қазақтың дәл осы сөзі бесінші нұсқамызға келеді. Майя дауласуды жалғастырады. Сірә, оларды бірден бірнеше фактор өлтірді. Таралған тарихи дәлелдер осылай суреттейді.
Тикал 830-дан 950-ге дейін өз халқының көп бөлігін жоғалтты, шежіреге сәйкес ол көршілес қала-мемлекеттермен жойқын соғыстарды жүргізді. Сонымен бірге аймақта құрғақшылық болды. Сумен қамтамасыз етілген қалаға босқындар көп жиналды, бұл мегаполис проблемаларын ушықтырды. Бірақ судың сапасы төмен болып, тамақ та жетіспеді. Көтеріліс басталды. Орталық үкімет құлады. Тобыр патша сарайлары мен монументалды ғимараттарды өз қолына алды, ал қаланың салтанатты алаңдарында тұрғын үйлер тұрғызылды. Кейбір ескерткіштер жойылды, ал басқаларын қарапайым адамдар өздерінің салт-дәстүрлеріне пайдаланды. Билеушілерге деген құрмет жоғалып, қабірлері тоналды. Мұның бәрі археологиялық қазба жұмыстарымен расталады.
XI ғасырдың басында қала толығымен қаңырап бос қалды. Джунгли бір кездері керемет құрылымдардың қирандыларын тез жұтып жіберді. Майя өркениеті жойылды, бірақ үндістердің өзі ешқайда кеткен жоқ. Олар әлі де Юкатан түбегінде өмір сүріп, өткендерін еске алады. Бұл Майя 19 ғасырдағы еуропалық және американдық зерттеушілерге ежелгі қалаларды қайдан іздеу керек екенін көрсетті.

Аударған Оңғар Қабден

Пікірлер