Коронавирусты өлтіретін маска ойлап табылды

3240
Adyrna.kz Telegram

     Португаляның  Лиссабон қаласындағы  молекулалық медицина институтының ғалымдар тобы коронавирустың бөлшектерін бейтараптадыратын қорғаныс маскасын ойлап тапты. Бұл туралы Адырна ұлттық порталы  La Razon  басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

      Мұндай әсерге бірнеше су өткізбейтін қабаттары мен арнайы жабыны бар ерекше инновациялық матаның арқасында қол жеткізіліп отыр.


Масканы сынау кезінде зерттеушілер оны коронавирустың молекулалары бар ертітіндіге салған, сол кезде олардың 99 пайызы бір сағатан кейін өз қасиеттерін жойған.

      Ғалымдардың айтуынша бетпердені көп рет қолдануға болады. Францияның Пастера Институтында жасалған эксперименттер оны 50 ретке дейін жуып, қолдануға болатытын көрсеткен. Бұл кезде де ол өзінің бастапқы қасиетін сақтап қалады.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер