Қарин кеңесшіліктен көмекшілікке ауысты

2704
Adyrna.kz Telegram

Бүгін бұған дейін ҚР Президентінің кеңесшісі қызметін атқарған Ерлан Қарин Тынымбайұлы ҚР Президентінің көмекшісі қызметіне ауысты. Бұл туралы Президент жарлығында былай делінген:

"Е.Т. Қаринді Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі қызметіне тағайындау туралы
Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 30 шілде
№ 377"

Білімді, іскер, еңбекқор, ең бастысы ұлтына деген жанашырлығы жоғары, әрдайым халықпен ашық диалог құруға дайын тұратын Ерлан Тынымбайұлының жаңа қызметіне құтты болсын айта отырып, толағай табыс тілейміз!

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер