Тамыз айында 21250 теңге төленеді

3450
Adyrna.kz Telegram

Карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты қазақстандықтарға 21250 теңге төленеді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан аумағында карантиннің 2 аптаға созылуына байланысты, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан карантиндік шектеу шараларының енгізілуіне байланысты табысынан айырылған жағдайда біржолғы төлем алушыларға төленетін 42500 теңгеге қосымша 0,5 ең төменгі жалақы (бұдан әрі – ЕТЖ) автоматты түрде аударылады.

Карантин ұзартылғаннан кейін МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға алғаш рет өтініш берген азаматтарға төлем 1,5 ЕТЖ немесе 63 750 теңге (42 500 + 21 250 теңге) мөлшерінде тағайындалады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020 жылғы шілдеде карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты жұмыс істейтін қазақстандықтарға табысын толық жоғалтқан жағдайда бір ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындау жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша азаматтардан МӘСҚ-дан біржолғы төлем тағайындауға 2,3 млн-нан астам бірегей өтініш қабылданған. Төлем 2 млн 80 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 58 мың қазақстандыққа аударылды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер