«Жастар жұқтыруы мүмкін, жастар да өлуі мүмкін» дейді ДДСҰ өкілі

6258
Adyrna.kz Telegram

Кейбір елдерде коронавирустың өршуі қажетті қорғаныс шараларын сақтамайтын жастардың немқұрайлылығынан болады. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус 30 шілдеде өткен брифингте мәлімдеді деп жазады BAIRAQ.KZ.

Гебрейесустің айтуынша, егде жастағы адамдардың вирусті жұқтыру қаупі көп болса да, жастар ауырады. Ұйымның алдында тұрған қиындықтың бірі - жастарды осы қауіпке сендіру. "Жастар жұқтыруы мүмкін, жастар да өлуі мүмкін және олар вирусты басқаларға таратады", деді ДДСҰ басшысы.

Ол жастар да, қарттар да өздерін және басқаларды қорғау үшін сақтық шараларын бірдей сақтауы керек деп атап өтті.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы бұл ұйым мінез-құлықты зерттеу және денсаулық сақтау саласындағы техникалық кеңес беру тобын құрғанын хабарлады.

Бұл ДДСҰ-ның мінез-құлық ғылымдарындағы жұмысын тереңдетеді әрі денсаулыққа қатысты ұсыныстарды тиімдірек етеді. Оның құрамына әлемнің 16 елінен 22 сарапшы кірді.

Пікірлер