Crew Dragon жерге оралуда

857

SpaceX Dragon Endeavour экипажының Халықаралық ғарыш станциясынан шығу үшін қозғалтқыштарының бірін атып түсіруі. Ғарыш станция командирі Крис Кэссидидің фотосы (NASA-ның сайтынан алынды).

Америкалық Crew  Dragon ғарыш кемесі халықаралық ғарыш станциясынан шығып, жерге оралуда, - деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы NASA-ға сілтеме жасап.

Экипаж ғарыш станциясынан Вашингтон уақытмен 1 тамыз күні кешкі сағат 7:35-те шыққан. Ғарыш жерге шамамен 19 сағатта қонады. Ғарышкерлер Роберт Бенкен мен Дуглас Харлидің Endeavour борты 2 тамыз күні ауа райы қолайлы болса, Мексика шығанағына оралады деп жоспарланған.

Жерге бағыт алған ғарыш кемесінің қозғалысын NASA тікелей эфир арқылы көрсетіп отыр (https://www.nasa.gov/).

NASA-ның келісімшарты бойынша SpaceX компаниясы жасаған Crew Dragon жаңа ғарыш кемесі 30 мамыр күні ұшқан болатын. Бұл Crew Dragon-ның ғарышқа алғаш рет аттануы. Кеме екі ай бойы орбитада болып, ғарышкерлер Роберт Бенкен мен Дуглас Харли ХҒС-ның 63-ші экипажының жұмысына қатысқан.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы