Алматы полицейлері карантин талаптарын бұзған 50 адамның үстінен түсті (видео)

2772
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласындағы «Football land» кешені карантин талаптарын ескермеген күйі түн ортасына дейін жұмыс істеген.  20 шақты адам шағын футбол ойнап, 50 шақты адам маскасыз футбол ойынын ташалаған.Бұл туралы  Polisia.kz хабарлады.

– Карантинді қатайтуға байланысты шектеулі шараларға қарамастан, мекеме басшылығы жауапсыздық танытып, көптеген адамның жиналуына жағдай жасаған.  20 адам екі алаңда шағын футбол ойнады. Тағы 50-ге жуық адам жазғы алаңда отырып, футбол матчының трансляциясын тамашалады. Сонымен қатар, келушілердің бәрінде бетперде жоқ болмаған,  әлеуметтік қашықтықты сақтамаған, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Құқық бұзушылар мен мекеме қызметкерлерін Түркісіб аудандық полиция басқармасына алып барды, онда әрқайсысына қатысты ҚР ӘҚбК-нің 425 бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер