NASA ғарышкерлері жерге аман-есен оралды

1748

NASA ғарышкерлері Дуглас Херли мен Роберт Бенкен(фото NASA-ныкі)

Ғарыш станциясына алғаш рет комерциялық экипажбен ұшқан NASA ғарышкерлері аман-есен оралды, – деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы NASA-ға сілтеме жасап.

Жексенбі күні NASA-ның екі ғарышкеріалғашқы индустриалды түрде құрылған және эксплуатацияланған америкалық ғарыш кемесімен адамзаттың ғарышқа ұшуының жаңа дәуірін бастайтын сынақты аяқтап, Халықаралық ғарыш станциясынан шығып, Мексика шығанағына қонды.

SpaceX-тің Crew Dragon экипажы Флорида штаты Мексика шығанағы Пенсакола жағалауына АҚШ шығыс жағалауының уақыты бойынша 2   тамыз күні күндіз 2:48-де (Нұр-Сұлтан уақытымен3 тамыз сағат 00:48) қонған.