Аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсетілмек

1946
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Президентке жаңа оқу жылына дайындық және бұған дейін Министрлікке міндеттеген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп бердім.

Мемлекет басшысы жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

 

ҚР Білім және ғылым министрі

Асхат Аймағамбетов

Пікірлер