Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында фильм көрсетілді

2509
Adyrna.kz Telegram

 

Тамыз айының он бірінші жұлдызында Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша  «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында жас ғалымдардың, студенттердің және оқушылардың қатысуымен ғылым және технологияларды дамытуға баулитын  фильм көрсетті.

Фильмнің таныстырылымы Тараз қаласы, Ықылас Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өтті. Фильм басталмас бұрын «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Әубәкір Арман Серікұлы сөз алып, жастарға тағылымды әңгімелерден мысалдар айтып берді.

Фильмге келген көрермендердің бірі Жамбылқызы Айдана: «Карантин басталғалы кинотеатрға бару дегенді ұмытқан едік. Ал бүгін сондай тамаша көңіл-күйде анимациялық мультфильм және деректі фильмді тамашаладық. Фильмнің тәрбиелік мәні зор, ең бастысы ғылым мен білімге баулиды» деп қуана пікір білдірді. Расымен фильм жастардың бойында патриоттық рух қалыптастырып қана қоймай, өмір сүруге деген мотивация сыйлайды.

 

Шара соңында  Шу ауданы мәдениет үйінің қызметкері Ербосын Қасымбеков әсем әуенін шарықтата шырқады.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер