Аймағамбетов мұғалімдер қанша құжатты толтыруы керегін айтты

2050
Adyrna.kz Telegram

Педагог құқығын бұзған білім саласының 30-ға жуық басшысы жазаланды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Мұғалім күнделікті 2 құжатты ғана толтыруға тиіс. Қалған құжаттардың барлығынан әріптестерімізді босаттық. Бұл бұйрықты бұзғандарға әкімшілік жауапкершілік көзделген. Бұл ережені бұзған басшыларды немесе өзге де лауазымды тұлғаларды қатаң жазалайтын боламыз. Қысқа ғана уақыттың ішінде шамамен 30 басшыны жазалап, оларды әкімшілік немесе тәртіптік жазаға тарттық», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында. Сонымен қатар министр мұғалімнің құқығын бұзған ата-аналардың да жауапқа тартылатындығын ескертті. «Бұл жұмыстардың барлығы да жалғасатын болады», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов.

фото ашық дереккөздерден алынды.

Пікірлер