Телеграмда педофилизмге шақыратын канал іске қосылды. Онда ер адамдар басқа азаматтарға жыныстық зорлық-зомбылықты насихаттап, “құрбанын” қалай таңдауға болатындығын түсіндіреді. Қазіргі таңда канал жұмысы тоқтатылды.
Төменде еріктілер түсіріп үлгерген жазбалар. Каналда өз құрбанына қалай жақындап, әрекет ету амалдары жайлы кеңестер берілген.
Телеграмнан бөлек инстаграм әлеуметтік желісінде де ақпарат таратқан.
Канал қашан пайда болды?
“ForttageClub” каналы 2020 жылы 29 маусымда ашылған. Каналда 100-150 шақты оқырман болған. Ол жерде жігіттер қыздарды қалай “қолға түсіргендігі” жайлы өз оқиғаларымен бөлісіп отырған. Сонымен қатар осы тақырыпта “пайдалы кеңестер” де жарияланған.
Мұның барлығы жас қыздарға және егде жастағы әйелдерге қатысты жасалған НАҒЫЗ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА айналды.
@net.nasiliyu қозғалысы:
“Олар үшін мұның бәрі ойын. Біріншіден, бұл өзінің ішкі эгосын қанағаттандыруға және біреу үшін маңызды екендігін сездіретін ойын ғана. Шындығында балалық шақта оларға осы мейірім жетіспеген. (Бұл - болжам. Әдетте ер адамдарда балалық шақта ана махаббатының жеткіліксіздігінен осындай қажеттілік пайда болады)
Өкінішке орай, сіз педофилизмнен өзіңізді толықтай қорғай алмайсыз! Бірақ біз оны көпшілікке жария етуіміз керек. Арам ойлы адамға саусағыңызды көрсетуден ұялмаңыз және бұл туралы көпшілікпен бөлісуден тартынбаңыз. Көбіне зорлықшылар қыздардың қорқып, үндемегендігінен ғана батыл болады. Егер ештеңе байқамағандай бұғып жүре берсеңіз, жан дүниеңізде бірнеше ай бойы жазылмайтын жара пайда болады. Сізге ұялшақтық маңызды ма, әлде ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ ба?”
Қазақстанға феминизм керек пе? Бұл сұрақ қоғамда әлі де талқылануда. Осыдан кейін бәлкім феминизмді қолдап, әйел құқықтарын қолға алу керек шығар? Көзі қарақты көрермен, сіз қалай ойлайсыз?
Аяулым ӘБІЛДА,
“Адырна” ұлттық порталы