Данияр Қырықбаев: Алматы қалалық ХҚО сапалы жұмыс атқаруда

811

«Адырна» ұлттық порталының тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаевпен әңгімелесіп, Халыққа қызмет көрсету орталығының карантин кезіндегі атқарған жұмыстары мен көрсетілетін қызметтері туралы сұрап білді. Назарларыңызға сұхбаттың толық нұсқасын ұсынамыз.

 -Данияр мырза, пандемия жағдайында Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істеді?

 -Пандемия кезінде вирустың таралу қаупі сақталуына байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалы фронт-офистерінің (Халыққа қызмет көрсету орталықтарының) жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған болатын. Қазіргі кезде Алматы қаласының ХҚО-ларында бұрынғыдай кезек күтіп тұрған көп адам көрінбейді. Кезек күтушілер азайған. Бұл ХҚО жұмыстарының жаңа форматының нәтижесінде мүмкін болып отыр. Алматы ХҚО-ларына бару уақыты қатаң реттелген, алдын-ала жазылып, белгіленген уақытта бару қажет. Мұндай форматта Алматы ХҚО-лары 25 мамырдан бастап жұмыс істеуде.
Бүгінде ХҚО-лар тек қана қағаз түріндегі 106 қызмет түрін көрсетеді. Қалған қызметтердің 80% -ін egov.kz порталы арқылы азаматтар өз бетінше электрондық форматта алады.

Құжаттандыру сияқты қызметтер ХҚО арқылы көрсетіледі, бірақ тек бронь бойынша. ХҚО-ға алдын ала жазылу арқылы келу керек. ХҚО-ға келу уақытын бірнеше әдіспен брондауға болады. Бірінші әдіс - порталда арнайы сервисті пайдалану egov.kz.кезекке қою үшін мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Алдын ала жазылудың онлайн-қызметі телефон нөміріне бірреттік СМС арқылы көрсетіледі. Бұл үшін электронды-цифрлық қолтаңба қажет емес. Мобильдік базада тіркелгеніңізді тексеру үшін электрондық үкімет порталына кіру керек, "сервистер" бағанында "азаматтардың Мобильдік базасында тіркеудің болуын тексеру" қойындысын таңдау керек. Содан кейін ЖСН енгізу және жүйе дереу нәтиже береді. Ұялы телефоныңызда телеграм қосымшасы жүктелген болса, мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайсыз. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді.
Алдын ала кезекті брондаудың тағы бір әдісі -1414 Сall-орталығына хабарласу, қоңырау шалу тегін. Бұл опция электрондық үкімет порталын пайдалана алмайтын қарт адамдар үшін өте қолайлы. Егер адам әлі мобильді азаматтар базасында тіркелмеген болса, алдымен Сall-орталығының операторларына тіркелу туралы өтініш беру керек. Әрі қарай адамға ХҚКО-ға бару уақыты айтылады, телефонға сәйкес СМС-хабарлама келеді.

Қызмет алушылар ХҚО-ға кезекті eGovKzBot2.0 телеграм-ботының көмегімен де брондай алады.Ол үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі керек және оның ұялы телефонына телеграм қосымшасы жүктелген болса болғаны. ХҚО-ға кезекті брондау үшін пайдаланушы мәзірден «ХҚО-ға кезекті брондау» қызметін таңдайды. Ары қарай жүйе мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы аймақты, ХҚО мекенжайын, бару мақсатын, ыңғайлы күні мен уақытты таңдауды ұсынады. Барлық қадамдар жасалған соң қызмет алушының ұялы телефонына оның ЖСН, таңдалған ХҚО мекенжайы, күні мен уақыты көрсетілген sms-хабарлама келеді.

Қызмет алушы белгіленген уақыттан 15 минут бұрын келіп, 1414-тен түскен СМС-хабарламаны көрсетуі керек.
Алматы қаласының барлық ХҚКО-ларында жеңілдіктері бар азаматтар үшін терезе қарастырылған. Қосымша жеңілдікті санаттарына барлық топтағы мүгедектер, зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар жатады.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық бөлімдер қажетті ұйымдастыру техникасымен, дербес компьютерлермен, веб-камералармен, сип-телефондармен және қажетті гарнитуралармен жабдықталған. Бөлімдерде адамдардың жиналуын болдырмау үшін қызмет алушылардың арасындағы қашықтықты сақтау үшін кіру топтарының алдына белгі қойылған. Кіре берісте санитарайзерлер орнатылған, ХҚО-ға маскасыз кіруге болмайды

   "Азаматтарға арналған үкімет "МК КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалында 17 фронт-офис жұмыс істейді, оның ішінде 10 аудандық (Алатау № 1, Алатау №2, Алмалы №1, Алмалы №2,  Әуезов, Бостандық, Жетісу, Медеу, Наурызбай және Түрксіб)  Халыққа қызмет көрсету бөлімі, 5 автокөлік иелеріне арналған бөлім, 1 көші-қон орталығы бар. Бөлімдер қажетті оргтехникалармен, дербес компьютерлермен, вэб-камералармен, сип-телефондармен және жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті құрал-саймандармен жабдықталған. Оларда 1600-ден астам адам, оның ішінде клиенттермен тікелей байланыста жұмыс істейтін 933 фронт-офис қызметкерлері бар. Жұмыс уақыты дүйсенбі мен сенбі аралығында, таңғы сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

 

Алматы қаласы филиалы  арқылы 2020 жылдың 6 айында көрсетілген барлық қызметтер саны 1 127 465-ті құрады. Оның 1 086 335-і дәстүрлі тәсілмен (қағаз тасығышта), 41 130-і электрондық форматта (оның ішінде ҚҚП арқылы 26506)  болды.

Жер кадастры бэк-офисі және жылжымайтын мүлікті тіркеу желісі бойынша 69 998 қызмет көрсетілді, оның ішінде: жылжымайтын мүлікті техникалық зерттеу желісі бойынша-18 710, жер кадастры желісі бойынша -8031, жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу бойынша 39 384 қызмет көрсетілді.

"Connectionpoint" өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы азаматтар өз бетінше 1 034 894 қызмет алды. Өткен жылдың осы уақыт аралығында 1 472 189 қызмет көрсетілген болатын.

2020 жылдың 6 айында берілген ЭЦҚ жалпы саны-381 102, оның ішінде жеке куәлікке-68 481 жазылды.

Бүгінгі күні филиалдың фронт-офистері  ХҚКО ЫАЖ базасы арқылы көрсетілетін барлық мемлекеттік қызметтер мемлекеттік органдармен (қызмет көрсетушілермен) біріктірілген, атап айтқанда, қандай да бір мемлекеттік қызметті алу үшін қосымша электрондық анықтамалар талап етілмейді, барлық қажетті ақпарат электрондық үкімет шлюзі арқылы МО АЖО-на тартылады.

Егер "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы жұмысының басқа да перспективалық және қазіргі заманғы бағыттары туралы айтатын болсақ, біздің жұмысымыздың жаңа бағыттарының бірі - қызметтер клиенттерді өздері табатын проактивті қағидатты енгізу болды. Мысалы, жаңа туған нәрестенің ата-аналарына бүгінгі күні баланың туу туралы куәлігін, әлеуметтік жәрдемақылардың екі түрін рәсімдеу үшін смс-хабарламаға жауап беру жеткілікті. Сондай-ақ, смс арқылы зейнетке шығуға, мүгедектікті ресімдеуге және "Алтын алқа", "Күміс алқа"алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы тағайындауға байланысты қызметтерді алуға болады.

 

- Алматы қаласында Халыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон қызметі қызметін қашан бастады? Қазір қандай жұмыстар атқарылуда?

 

-"Азаматтарға арналған үкімет" МК" КЕАҚ Алматы қаласы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету жөніндегі көші-қон бөлімі өз қызметін 2018 жылдың 28 тамызынан бастады, Әуелі Алматы қаласы, «Нұркент» ықшамауданында ашылған болатын, осы жылдың 13 шілдесінен бастап «Шұғыла» ықшамауданындағы «Наурызбай ауданы Әкім аппараты» КММ ғимаратына көшкен.

Көші-қонға байланысты мемлекеттік қызметтер «бір терезе» принципі бойынша бекітілген стандартқа сай ұсынылады. Егер бұрын резидент емес тұлға 6 түрлі ұйымға (салық, полиция, аурухана, сақтандыру компаниялары, фото салондар және банктер) барып, әр жерде кезекке тұруға мәжбүр болса, қазір бұл қызметтер бір жерде және «бір терезе» қағидаты бойынша, кедергісіз қызмет көрсету стандарттарына сай көрсетіледі.

Бұл жерде медициналық тексеріс пен дактилоскопиядан өтіп, сақтандыру полисін рәсімдеуге және жеке сәйкестендіру нөмірін алуға болады. Бұған дейін шетелдіктер Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады.

Мұнда "Еңбек мигранттарына рұқсаттар беру және ұзарту», "Шетелдіктерге ЖСН қалыптастыру», "ҚР-ға уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тіркеу» мемлекеттік қызмет түрлері ұсынылады. Күніне орташа 1000-нан 1200-ге дейін қызмет алушылар келеді. Орталық ашылғалы бері шетелдіктерге 216934 қызмет көрсетілген. Нақтырақ айтқанда, 2018 жылы -11970,   2019 жылы - 156 679,  биылғы жыл басынан бері 48285 қызмет көрсетілді.

Пандемия кезінде біздің мемлекетіміздегі мигранттар жағдайына қарайласып, карантин кезінде тіркеу мерзімі өткені үшін ешқандай әкімшілік жаза қолданылмады. Сонымен қатар заң бойынша еңбек иммигранттарына біздің мемлекетімізде бір жыл тұруға рұқсат етілетін, бірақ карантинге байланысты бұл мерзімді ұзартты.

Қазақстандық Миграциялық ХҚО үлгісін ТМД елдерінің мемлекеттік органдары үлгі ретінде алып, біздің тәжірибені үйренуге бірнеше рет келіп кетті.

 

-Әңгіме ауанын мамандандырылған ХҚО жұмысына бұрсақ...

-Алматыда алғашқы мамандандырылған ХҚО ашылғалы бері автокөлік иелеріне көрсетілетін қызмет көлемі бес есе артқан. Қала шекарасының кеңеюіне байланысты Алматы қаласы халқының саны бір жарым есе өсті. Сондай-ақ, мемлекеттік тіркеу нөмірін беру бойынша экстерриториалды қағидасы енгізілгеннен кейін көлік саны арта түсті. Сол себепті, Алматыда тағы да Мамандандырылған ХҚО-лар ашу қажеттігі туындап, бүгінде қалада 5 МХҚО жұмыс істейді. Оның соңғысы,  Жетісу ауданы, Кемел шағын ауданы, Ақсуат көшесі, 118 мекенжайында орналасқан №6 МХҚО бөлімі 2019 жылғы 10 қыркүйекте ашылды. Орталық Олимпиада чемпионы, меценат Жақсылық Үшкемпіров ағамыздың көмегімен ашылған еді...

2020 жылдың 6 айында Алматы қаласының мамандандырылған бөлімдері 305485 мемлекеттік қызмет көрсетті. Оның ішінде: көлік құралының сәйкестендіру нөмірі (КҚТК) бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу бойынша-251 994, жүргізуші куәліктерін беру бойынша-50 695.

2014 жылғы 20 қазаннан бастап жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін (VIP нөмірлер) сату жүргізіледі. 2020 жылдың 6 айында 1658 нөмір сатылып, бюджетке  478 млн.  теңге кіріс әкелген.

Автокөлік иелері үшін жасалған қолайлылық – «Электрондық үкімет» порталында көліктерді тіркеу және көлік жүргізушісі куәлігін алмастыру қызметтері бойынша сервистердің іске қосылуы болды. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу және мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісін жетілдіру мақсатындағы қосылған сервис бойынша тиісті құжаттар бір сағат ішінде рәсімделеді. Пандемия кезінде автокөлік иелеріне бұл сервистің пайдасы зор болып тұр.

 

-Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі қалай жүзеге асырылуда?

-Азаматтық хал актілерін кез келген аймақта тіркеуге болады. Өткен жылы енгізілген жаңашылдық баланың тууына, некені тіркеу мен ажырасуға, аты-жөні мен тегін өзгертуге, қайтыс болу құжаттарын тіркеу сияқты қызметтерді қамтиды. Еске салайық, бұрын азаматтар аталған мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұрғылықты тіркеу орны немесе тіркеу жазбасының орналасқан жері бойынша мемлекеттік корпорацияның фронт-офистеріне немесе АХАТ бөліміне хабарласатын. Енді азаматтық хал актілеріне қатысты 5 түрлі қызметті кез келген ХҚО-дан немесе АХАТ-тан алуға болады. Бұл керекті құжаттарды аз уақыт ішінде алуға және сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмауға мүмкіндік береді.

Бұрын құжаттарды рәсімдеп алу үшін өтініш беруші тіркеу орны бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарына немесе тіркеуші органға хабарласып, 5-тен 30 күнге дейін жауап күтетін, бұл қызмет алушылар үшін қолайсыздық пен қосымша қағазбастылықты тудыратын. Мәселен, егер азамат бір аймақта тегін өзгерту туралы өтініш білдірсе, мемлекеттік орган өзге аймақтан – оның туған жерінен қосымша мәліметтерді сұрататын. Тиісінше, қызмет көрсету уақыты ұзаратын.

 

обильді азаматтар базасына тіркелудің артықшылығы бар ма?

-Қазіргі уақытта egov.kz порталындағы виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қызметкерлерінің кеңесін ала алады.

Қазақстан бойынша мемлекеттік корпорацияның бірқатар маманы қайта даярлаудан өтіп, видеокеңесші ретінде азаматтарды қашықтықтан МАБ-на тіркеуге кіріскен. Қазір 1414 сall-орталығында бір жарым мың адам жұмыс істейді. Соның ішінде 400 видеокеңесші онлайн тәртіпте тұрғындарды мобильді азаматтар базасына тіркеумен айналысады. Осының нәтижесінде коронавирус індеті кезінде де бұл үрдіс тоқтамай, соңғы 5-6 ай ішінде мемлекеттік қызметтерді мобильді құралдар мен egov.kz порталы арқылы алушылардың қатары 1,6 миллионға артты.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері карантиндік шектеулер енгізілгеннен кейін наурыз айынан бері 1,6 миллион азаматты мобильді азаматтар базасына (МАБ) тіркеді. Жалпы, мобильді құралдар арқылы мемлекеттік қызметтерді онлайн алуға мүмкіндік беретін бұл базаны қазіргі таңда 9,4 миллион қазақстандық қолдануда.

МАБ-қа тіркелген тұлғалар мемлекеттік қызметтерге eGovMobile қосымшасы, EgovKzBot2.0 телеграм-боты арқылы қол жеткізіп, сондай-ақ проактивті қызметтер мен басқа да сервистердің игілігін көре алады. Оның үстіне МАБ қолданушыларына құжаттың дайын болғандығы немесе ЭЦҚ мерзімінің өтіп бара жатқандығы туралы sms-хабарлама келеді.
Мобильді азаматтар базасына egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе egov.kz виртуалды кеңесшісінің көмегімен тіркелуге болады. Мобильді азаматтар базасындағы тіркеуді тексеру үшін egov.kz электрондық порталындағы «Сервистер» бөлімін қарау керек.

-Мүмкіндігі шектеулі азаматтар орталық қызметіне жүгіне ала ма?

 

-ХКО-ларда ерекше қажеттілігі бар жандарға көпшілікпен бірдей жағдай жасалған.

Қазақстан ел Конституциясында өзін әлеуметтік мемлекет деп атап көрсетті. Оның мәні – қоғамның әлеуметтік өмірінің барлық салаларында азаматтардың қажеттіліктері мен мүдделерінің кешенді түрде қамтамасыз етілуі мен қорғалуында. Бұл шарт ерекше қажеттілігі бар адамдарға деген мемлекет қамқорлығынан да көрініс табуы тиіс.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында «мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар адамдарға көпшілікпен бірдей жағдай жасауға міндетті» екенін бөле-жара атап көрсетті.

Яғни, қоғамдық өмірде де, кәсіби қызметте де, мемлекеттік қызметтер алуда да мүгедек жандар жайсыздық сезінбеуі, кедергілерге тап болмауы тиіс.

Осы орайда, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұйымдастыруда мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімділігін көтеруге ерекше мән беріп отыр.

Барлық фронт-офистерге келетін мүгедектігі бар жандар көліктерін қоятын автотұрақ, арбадағы мүгедектер үшін пандустар, шақыру нүктелері, көтеру лифті, көзі нашар көретіндерге арналған тактильді жолдар, Брайль мәтініндегі ақпараттық тақташалар орнатылған. Әрбір фронт-офисте мүгедектерге қызмет көрсететін арнайы терезелер жұмыс істейді. Құлағы нашар еститін немесе саңырау жандарға арнайы курстардан өткен сурдоаудармашы маман ымдау-ишара тілімен қызмет көрсетеді.

Мүгедектер үшін көптеген қызметті онлайн режимде алу қарастырылған. Мәселен, азамат мүгедектік тобын анықтау үшін комиссиядан өткенде, басқа еш жерге жүгінудің қажеті жоқ. Оның құжаттары он-лайн режимде мемлекеттік корпорацияға беріліп, осында барлық жәрдемақылар мен төлемдер түрі белгіленіп, оның төленуі ұйымдастырылады

Сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкіметтің» мамандары 1 және 2 топтағы мүгедектерге, 70 жастан асқан қарт адамдарға, ҰОС қатысушыларына және мүмкіндігі шектеулі балалардың үйіне барып қызмет көрсетеді.

Жыл басынан филиал фронт-офистерінің мамандары 1737 үйге барып 2 мыңға жуық қызмет көрсетті. Ең көп талап етілетін қызметтер - паспорттар мен жеке куәліктер беру. Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу және т. б. қызметтер де сұранысқа ие.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында әр түрлі қызметтерде 807, Алматы филиалында  67 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыс істейтінін айта кеткеніміз жөн.

 

Осы ретте “Сonnection-point” өзіне өзі қызмет көрсету секторлары туралы айта кетейін.       

Электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін 48 жұмыс орнына операторсыз 2 цифрлық ХҚО ұйымдастырылды. Онда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен ұйымдастыру техникасы (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) ұсынылған. Олар - Алмалы ауданының №1 фронт-офисі (Сүйінбай даңғылы 2, 4 корпус) және Алатау ауданының №2 фронт-офисі. (Әйгерім ш/а., В. Бенберин көшесі, 89).

ХҚО-дан тыс жерлерде өзіне өзі қызмет көрсету секторларлары ұйымдастырылуда. Олар әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, екінші деңгейдегі банктерде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, "Нұр Отан" партиясы кеңселерінде, сауда орталықтарында, автосалондарда, медициналық ұйымдарда, және базарларда орналасқан. Алматы қаласында 15-ке жуық осындай  өзіне өзі қызмет көрсету секторлары бар. Бұл секторларда азаматтар 2020 жылдың 6 айы ішінде 1 034 894 мемлекеттік қызмет алған.

Өзіне өзі қызмет көрсету секторлары төмендегі мекен-жайларда орналасқан.

1.Тұрғын үй департаменті, Жароков көшесі, 215
2. Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Төле би көшесі, 12. уг.Қалдаяқов көшесі
3. "Бақытты отбасы" орталығы, Зенков к-сі, 15
4. Жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев көшесі, 50
5. "Галерея" сауда кешені, Тимирязев көшесі, 42
6. "Бақытты отбасы" орталығы, Шұғыла ш.а. 347/2.
7. Райсобез, Мақатаев к-сі, 142
8. Цифрлық ХҚО,. Әйгерім 2 ш.а., Бенберин к-сі, 89
9. Әуезов аудандық МКД, Алтынсарин к-сі, 23

10Цифрлық қызметтер орталығы, Алмалы-1 ХҚО, Сүйінбай д-лы, 2, к 4
11. Салық комитеті, Абылайхан даңғылы, 2
12. «Жетісу-Семиречье» СОО, Қайрат ш.а, 181
13. "Нұр Сәт" базары, Ақсуат ш.а., 118/1

Мұнда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен ұйымдастыру техникасы (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) қойылған.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады

 

-Халыққа қызмет көрсету орталықтарына өтінішті қалай береді?

 

-ХҚО-ның қағаз жүзінде көрсететін қызметтеріне өтінішті қашықтан беруге болады. Азаматтарға арналған үкімет өзге мемлекеттік органдармен бірлесіп, «қағаз» жүзінде көрсетілетін кейбір қызметтер бойынша өтінішті eGov порталындағы «Электронды өтініш» сервисі арқылы қашықтан беру мүмкіндігін қарастырған болатын.


Бүгінде «Электронды өтініштер» сервисі арқылы электрондық форматта қолжетімсіз әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 24 қызметке өтініш беруге болады: жасына байланысты зейнетақы тағайындау, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайында әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау, мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау және т.б.
Өтініш беру үшін азамат электрондық цифрлық қолтаңба арқылы egov.kz сайтына кіруі керек. Одан кейін «Электрондық өтініштер» сервисін таңдап, қызметке онлайн тапсырыс беруі қажет. Содан кейін жеке ақпаратты, оның ішінде пошта мекенжайын, телефонды, қызмет атауын және т.б. толтыруы тиіс.
Сондай-ақ құжаттардың сканерленген көшірмелері (қажет тізімді 1414 байланыс орталығынан немесе gov4c.kz сайтының «Мемлекеттік қызмет стандарттары» бөлімінен нақтылауға болады), қызмет алушының еркін үлгіде жазылған және қолтаңбасы қойылған өтініші қоса жүктелуі қажет. «Қабылдаушы» деген жерге қызмет алушының тіркелген жері бойынша аймақтық мемлекеттік орган таңдалуы тиіс.
Мысалы, жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайлары үшін әлеуметтік төлемдер қызмет үшін «Азаматтарға арналған үкіметтің» аймақтық филиалын, ал мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау қызметі бойынша Әлеуметтік бағдарламалар мен жұмыспен қамтуды үйлестіру бойынша аумақтық бөлімшелері көрсетілуі тиіс.
Өтінімнің соңында ЭЦҚ-мен қол қою керек.
Егер азаматтың жолдаған өтініші бойынша сұрақтар туындаса, мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері қызмет алушыға өтінімді толтыру барысында көрсеткен ұялы телефонға хабарласады.
Мемлекеттік қызметтің көрсетілу нәтижесі туралы ақпарат қызмет алушының порталдағы жеке кабинетіне келіп түседі.

 

-Egov.kz порталындағы «Электронды өтініш» арқылы тұрғындарға қандай қызмет көрсетіледі?

 -Өтініш қабылдау бойынша келесі қызметтерді атап айтуға болады:

  1. Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушыға (ата-анасына), қамқоршысына (қамқоршысына) жәрдемақы тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    2. Бала кезінен бірінші топтағы мүгедектердің күтіміне берілетін жәрдемақыны тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    3. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    4. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    5. Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    6. Арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    7. Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    8. Банкрот нәтижесінде жойылған заңды тұлғалардың қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу төлемдерін капиталдандыру мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    9. Көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    10. Оралман мәртебесін тағайындау немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    11. Шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу біліктілігі туралы анықтама беру немесе ұзарту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    12. Мүгедектікті және/немесе жұмыс істеу қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және/немесе әлеуметтік қорғаудың қажетті шараларын айқындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
    13. Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    14. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
    15. Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау (Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар аумақтық бөлімшелері);
    16. Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтарға ұшыраған азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәліктер беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    17. Ақталған адамға анықтама беру («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    18. Мүгедектерді сурдо-тефлотехникалық және міндетті гигиена құралдарымен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    19.Бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ымдау тілі маманы қызметтерін ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу(«Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    20. Мүгедектерді арбалармен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    21. Мүгедектерді курорттық емдеумен қамтамасыз ету («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    22. Үйде күтім жасау жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну бойынша құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    23. Медициналық және әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша құжаттарды рәсімдеу («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары);
    24. Bastau Business жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту («Азматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалдары).

Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері қазақстандықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде 12 миллионнан астам мемлекеттік қызметті алған.

Барлық азаматтарға үйден шықпай, қызметтерді онлайн алуға кеңес береміз. Өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!

 

Әңгімеңізге рақмет!

 

Әңгімелескен: Гүлвира Асқар

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер