«Өлім фабрикасы» атанған ең қатыгез концлагерь туралы не білесіз?

5105
Adyrna.kz Telegram

Освенцим неміс фашистерінің қолымен жасалған ең үлкен және ұзақ жұмыс істеген нацистік құрбандардың лагері. Ол 1940 жылы 20 мамырда құрылды. Бұл жерді «өлім фабрикасы» деп те атайды. Тарихшылардың пікірінше, лагерьде 1,4 - 1,8 миллион адам қайтыс болған. Бейресми мәліметтер бойынша, азапқа толы жер 4 миллионға жуық адамның өмірін жалмаған.

«Еңбек сізді азат етеді»

Әлемдегі ең ірі концлагердің қақпасында «Arbeit macht frei» («Еңбек сізді азат етеді») деген жазу тұрған. Адамдар небір қисынсыз жұмыстарға жегіліп, еңбекке қабілетсіздері бірден атылды.Фашистер лагерь тұтқындарының киіміне түрлі түсті үшбұрыштар тігіп, денелеріне татуировка салған. Көптеген тұтқын қорлыққа шыдамай, өз еркімен тоққа түсіп өлді.

Азапты өлім

1941 жылдың қыркүйегінде лагерь бастығының орынбасары С.С.Оберстурмфюрер Карл Фрицтің бұйрығымен немістер лагерь тұтқындарын газбен улады. Олар аузы-мұрнынан қан кетіп, азаптанып өлген. Негізінен «Циклон Б» газы егеуқұйрықтарды өлтіру үшін  ойлап табылған еді және ол бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді.Сондай-ақ, лагерьде арнайы дайындалған ату қабырғасы болды. Миллиондаған адам концлагерь пештерінде өртелді, ал олардың күлі тыңайтқыш ретінде пайдаланылды.

Жаңа туған нәрестелер бірден ажал құшқан

Лагерьдегі екіқабат әйелдердің тағдыры тым ауыр еді. Немістер дүниеге келген сәбилерді су толы бөшкеге батырып, итке я тышқанға тастаған.

Тұтқындар аштықтан қайтыс болды

Көпшілік Освенцимде аштықтан қайтыс болды. Тұтқындарға күнделікті 700 калорияны құрайтын асты ішкен еді (норма бойынша ауыр дене еңбегімен айналысатын жұмысшыға 3000-4000 калорияны құрайтын ас берілуі керек). Таңғы асқа шөптердің қайнатпасы, түскі асқа шіріген көкөністерден жасалған сорпа, кешкі асқа 300-350 грамм нан берілген.

Концлагерьді 1945 жылы 7 қаңтарда кеңес әскерлері азат етті. 7,5 мыңға жуық тірі қалған адам босатылды. Десе де, олардың көпшілігі өздігінен жүре алмайтын халде болды.

Освенцим мұражайы

Адамдар лагерьде жақсы өмір сүреміз деп ойлап, барлық заттарын өздерімен бірге ала келгенеді.Қазіргі таңда Освенцим тұтқындарының 4 мың чемоданы, 110 мың жұп аяқ киімі,  40 кг көзілдірігі, 2 тонна шашы, мыңдаған балдағы сақталған.

 

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер