Президент жолдауы - 2020: 15 хатшы қызметімен қоштасады

4711
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған  Жолдауында министрліктердегі жауапты хатшылар институтын қысқартуды тапсырған болатын.

Президенттің үкімімен 15 шенеунік  лауазымымен қош айтысатын болды.

Олар:

  1. Арман Жұмабеков – Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы;
  2.  Қанат Сәрсембаев – Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы;
  3. Жанат Қожахметов – Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
  4.  Бақытжан Берікбайұлы – Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы;
  5.  Марат Оразаев – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы;
  6.   Жәнібек Гупиров – Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы;
  7.  Аида Құрманғалиева – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы;
  8. Айдын Ашуев – Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы;
  9. Әнуар Ахметжанов – Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы;
  10. Сәбит Нұрлыбай – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы;
  11.  Талғат Момышев – Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы;
  12. Азамат Әмірғалиев – Әділет министрлігінің жауапты хатшысы;
  13. Әркен Өтенов – Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы;
  14. Мереке Пшембаев – Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы;
  15.  Әсем Нүсіпова – Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы.

Айта кетейік, жауапты хатшы лауазымы "А" корпусына жатады. Ол мемлекеттік қызметкер болумен қатар ерекше мәртебеге ие. Өйткені, жауапты хатшыларды Президент Әкімшілігінің ұсынуымен, премьер-министрдің мақұлдауымен  тағайындайды және қызметінен босатады.

baigenews.kz

Пікірлер