Жолдауға қолдау

3402
Adyrna.kz Telegram

 «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы мен бағынысты әскери бөлімдердің барлық жеке құрамында Мемлекет басшысының дәстүрлі жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде көрсету ұйымдастырылды.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Палаталарының бірлескен отырысында «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын жариялап, елімізді одан әрі дамыту стратегиясымен таныстырды.

Бұл жолдау әскери қызметшілердің ерекше ықыласы мен қызығушылығын тудырды, себебі Мемлекет басшысы пандемиямен күресте ерекше үлес қосқан әскерилерге, медицина қызметкерлеріне, кәсіпкерлерге, ерікті мен басқа дакөмек қолын созып, атсалысқан азаматтарға алғысын айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін еүшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерді.

Осы орайда «Ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде біз мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың алдымызға қойған міндеттерін үнемі басты назарда ұстанамыз. Біздің қызметіміз ең алдымен ұдайы жоғары жауынгерлік әзірліктіұстану және осылайша еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты міндетіміз», - деді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Асан Жусупов.

Шығыс Қазақстан

Пікірлер