Қостанайда қарбыз тиеген КамАЗ аударылды (видео)

2768
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының Рудный-Қашар күре жолында қарбыз тиеген КамАЗ аударылды. Бұл туралы "Адырна" Аlau.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 2 қыркүйекте болған. Рудный-Қашар күре жолымен Федоров ауданына қарай Volkswagen Polo маркалы көлік жүргізіп келе жатқан 51 жастағы жүргізуші жолда келе жатқан КамАЗ көлігін басып озбақшы болып,  қауіпсіздік ережеcін сақтамай, қарсы жолда келе жатқан «Ford» маркалы көлікпен соқтығысып, одан кейін КамАЗбен соқтығысқан. Нәтижесінде 30 тонна қарбыз тиелген КамАЗ жол жиегіне аударылған. Қаза тапқан адам жоқ. Қазір осы іске байланысты тергеу жүргізілуде.

 

Пікірлер