Түрмеде отырғандарға психологиялық, заңгерлік кеңестер көрсетілді

2304
Adyrna.kz Telegram

      Әрбір 35 –інші  Қазақстандық түрмеде отырған заман болған...

Қазақстанда өлім жазасы қолданылмайтындықтан өте ауыр қылмыс жасағандар үшін, ең жоғарғы ауыр жаза, өмір бойы бас бостандығынан айыру тағайындалады,  адам санының түрмелерде көп болуына әсер ететін фактор осы. Сонымен қатар, бір түскен жеріне екі қайтара түсетіндер де аз емес. Өткен ғасырдағы тоқсаныншы жылдардың басында бұрынғы КСРО-да 700 мың адам бас бостандығынан айыру жазасын өтесе, оның 100 мыңы немесе әрбір жетінші сотталған, жазасын Қазақстандағы колонияларда өтеген. Сұмдық статистика 1975 жылмен 2000 жыл аралығында әрбір 35-інші  қазақстандық сотты болып, біздің алдымызға тек АҚШ пен Ресей ғана түсіпті. Еліміз тәуелсіздік алған алғашқы кездері колониялардың лық толып, сотталғандарды жасаққа бөліп барак типті ғимараттарда ұстау, азық-түліктің жетіспеушілігі, дәрігерлік көмектің нашарлығы, сотталғандар арасында жұқпалы аурулардың және өлім-жітімнің көп болуы сияқты проблемалар бастан асатын. Жұмыссыздық, күн көрістің төмен деңгейі қылмыстың өршіп кетуіне адамдардың көптеп сотталуына түрмелердің лық толуына әкеліп соқты. Егемендік алғаннан кейін бас бостандығынан айыруды алмастыратын жаза түрлерін кеңінен қолдануды арттыруға, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіруге бағытталған 70-ке жуық заң қабылданды. Бас бостандығынан айырылғандарға  тәуелсіздік алғаннан берігі жылдары 7 рет рақымшылық жасалды. Соның нәтижесінде соңғы 12 жыл ішінде бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендер 4 есеге азайған. Мысалы, 2000 жылы 40 мың адам сотталса, өткен жылы 9 мыңнан сәл ғана асатын адам сотталған.

                                          Түрмедегі ахуал..

Жоғарыда айтып өткендей тәуелсіздіктің алғашқы жылдары колониялардың жағдайы мәз болмады. Жалпы, қазір еліміз бойынша 86 түрме бар. Алайда, сол абақтылардың ар жағындағы өмірдің шын мәнінде қандай екенін білмейміз. Білетініміз әр сотталушыға мемлекет айына 200 мыңға жуық қаржы жұмсайтыны. Бір әйел көршісінің 100 мыңға жуық ақшасын ұрлап түрмеге 3 жыл арқалап кетеді. Мемлекет әлгі әйел үшін түрмедегі жылына 1 млн -ға жуық қаржы жұмсайды екен, бірақ ұрлағаны 100 мың... Түрмеге негізінен білім ала алмаған, жұмыс таба алмаған және өз өмірлерін қалыптастыра алмаған жұмыссыз адамдар түседі. Жалпы айтқанда бұл оларды қылмыс жасауға итермелейді. Бас бостандығынан айыру орындарында ұзақ уақыт болған адам қоғамдағы дағдылы өмірден қол үзіп, масылдыққа үйреніп

алады Түрмеде олар дайын нәрсеге сүйеніп өмір сүреді. Бостандыққа шыққанда мамандығы, жұмыс тәжірибесі жоқ сотталған жұмыссыздар санын көбейтіп, қайталап қылмыс жасайды, сөйтіп үйреншікті ортаға оралады.

Түрмеден кейінгі өмір үшін кейбір жазаланушылар үшін психологиялық дайындық керек ақ...

Қай жерге бармасын "түрмеде отырған" анықтаманың базадан шығып тұруы, жұмыссыздық, туған-туыстың қарым-қатынасының өзгеріп кетуі жазасын өтеп шыққандарға оңай тимесі анық. Түзеу колонияларында жазасын өтеушілердің құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау аясында бірқатар іс-шаралар атап айтқанда, Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен "Мәңгілік Қазақстан" қоры дәл осы тар қапастағы жандарға психологиялық, заңгерлік кеңестер өткізеді. Әлемдегі пандемияға байланысты «ZOOM» платформасы арқылы Алматы қаласындағы ЛА 155/6, 155/18,  155/13 колонияларында арақашықтық сақтай отырып жазасын өтеушілер мен психологтар Жанна Яворская мен  Сейілбек Саттарұлы, заңгер Кәмшат Есмұханбетқызымен тамыз айының белгілі күндері онлайн кездесулер  өтті. Алғашқы сөзді алған С.Саттарұлы түрмеде отырғандардың нағыз психолог көмегіне мұқтаж екендігін ескере отырып, мотивациялық жігер сыйласа заңгер К. Есмұханбетқызы көбінде жазасын өтеп шыққандардың бостандық өмірде жұмыссыздықтан қиналатындығын, құжаттар жағынан да қиындықтар туындайтындығын айта келе тығырықтан қалай шығуға болатындығын заң аясында екі тілде баяндап өтті. Жазасын өтеушілер өз кезегінде мазалаған сұрақтарының жауабын алды. Өмірдің қиындығына төзе алмай,  темір торға түскен жазаланушылар да өз кезегінде осындай кездесулер көптеп болса деген тілектерін білдірді. Тек ғаламтордың ыңғайсыздығынан кей сөздерді естімей қалдық деп шағымданып қалды. Әлемді шарпып жатқан пандемия құрықталса  келесі жылдан бастап мүмкін офлайн өткізуге күш саламыз дейді ұйымдастырушылар.

Адамды түзеу оңай іс емес. Майысқан темірді немесе қисық өскен талды түзеуге болар. Бірақ, бір емес бірнеше рет қатыгездікке барып, адам өлтіріп, опасыздық жасағандардың сана-сезіміне саңлау түсіру, тәрбиелеу, өмірге деген көзқарасын өзгерту өте ауыр жұмыс. Осыдан кейін сотталғандармен күнде бетпе-бет келіп, жұмыс істейтін ҚАЖ қызметкерлеріне артылатын ауыртпалықты өзіңіз бағамдай беріңіз.

Қазіргі кезде біздің еліміз адам құқын қорғау саласында барлық халықаралық маңызды актілердің белсенді қатысушысы болып табылады. Осы бағыттың жалғасы 2010-2020 жылдарға арналған Құқықтық саяси концепция болып отыр. Осыған байланысты қылмыстық саланы ізгілендіру және қуғындауды азайту, Елбасымен қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес құқықтық шараларды кеңінен қолдануға жағдай жасау жайлы мәселелерді

шешу тапсырылды. 2012 жылдың желтоқсанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында отандық қылмыстық сот ісін жүргізуді дамытудың негізгі жолдары айқындалды. Үкіметке қылмыстық, қылмыстық – процессуалдық және қылмыстық-атқару заңнамаларын реформалау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

PS.. Қазақстанда соңғы жылдары түрмеге түсушылер азайып келеді, 2019 жылы материалды-тұрмыстық жағдайы төмен төрт абақты жабылған. Сондай-ақ, құжатта атап өтілгендей, 2019 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан «түрме халқы» әлемдік рейтингінде 98-орында тұр. Ең бастысы саналы тәрбие мен білім алу жас ұрпақтың болашағын бұлыңғырлатпайтын ең дұрыс шешім.

 

                                                                                              Аида Кожмамбетова

 

Пікірлер