Көршіміздің оқушылары COVID-ке шалдығып бастапты

4554
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Новосібір аймағында оқушылар арасынан коронавирусқа шалдыққандар пайда болды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Говорит Москва» радиостанциясына сілтеме жсап.

Оқушылардан ковидтің анықталғанын Новосібір № 13мектебінің басшысы  Татьяна Устинова да растады. Оның айтуынша, 2 қыркүйек күні гигиена институтынан бір оқушының ауырып қалғаны туралы хабар келген. Ковидке шалдыққан баланың анасы үйінде ауырып жатқан екен. Оқушы анасынан жұқтырған болуы мүмкін. Осыған байланысты бүкіл сынып екі апталық карантинге жіберілді. Сонымен қатар осы сыныптың барлық баласы дәрігерлік тексеруден өтеді.

Жаңа оқу жылының басталғанына бүгін небары төртінші күн екенін ескерсек, алдағы тоғыз ай уақытты ойлаудың өзі қорқынышты. Мектепке барған күннен оқушыдан ковид анықталуы жақсылықтың белгісі емес.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер