АҚШ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығады

2230
Adyrna.kz Telegram

«Президент Трамп АҚШ-тың осы ұйымнан шығатынын жариялаған кезде, біз одан да айқын әрі сенімді серіктестер іздейтінімізді анық айтты. Шығу 2021 жылдың 6 шілдесінде күшіне енеді. АҚШ үкіметі президенттің мәлімдемесі жарияланғаннан бастап бұрын ДДСҰ жүргізген іс-шараларды қабылдайтын жаңа серіктестер іздеуде», - делінген Мемлекеттік департаменттің өкілі Морган Ортагустың хабарламасында.

Бұған дейін Дональд Трамп ДДСҰ ұйымын COVID-19 пандемиясы кезінде      «қытайлық қуыршақ» болды деп айыптаған. Сонымен қатар, Трамп ДДҰ-ны «қажетті реформаларды» жүргізуден бас тартты деп айыптады.

Сондай-ақ АҚШ ДДҰ алдындағы қарыздың қалдығын төлемейтіндіктерін мәлімдеген.

Айта кетейік, АҚШ өткен жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына шамамен 18 миллион доллар қарыз болған. Биыл бұл қарыз 62 миллион долларды құрапты.

Ақпарат көзі: Abai.kz 

Фото ашық дереккөзден алынды.

 

Пікірлер