Ресей Жапониядан жеңілген күн

3858
Adyrna.kz Telegram

Ғажап күн. Тұп-тура 115 жыл бұрын 5 қыркүйекте Ресей империясы Жапонияның алдында тізе бүгіп, жеңілгенін мойындап, “Портсмут” келісіміне қол қойды.
Капитуляцияны қабылдау АҚШ-тың Портсмут қаласында өтті. 1904-1905 жылғы орыс-жапон соғысы осылайша аяқталды. Цусимада Ресей империясының флотын талқандап, 5 мың адамы мен ондаған кемесін жойып жібергеннен кейін-ақ Ресейдің жеңілері анық болды.
Сонымен келісім бойынша Ресей империясы мен Жапония достық келісім жасасты. Ресей Қытаймен бірге жасасқан келісімдердің көзін жоюға мәжбүр болды. Келісім бойынша Ресей-Қытай одағы Жапонияға шабуыл жасауға тиіс болатын.
Ресей Оңтүстік Сахалинді Жапонияға берді. Порт-Артур мен Талиенді де Токио алды. Ресей империясы Жапонияға Чан-чунь мен Порт-Артур арасын жалғап жатқан теміржолды беруге мәжбүр болды. Ресей өз шекарасында жапон балықшыларының балық аулауына көнді.
Осылайша соғысты Жапония өз пайдасына жеңіспен аяқтады.
Банзай!

 

Асхат Қасенғали

Facebook парақшасынан алынды

Пікірлер