ХОК: Олимпиада коронавирус бар болса да өтеді

2298
Adyrna.kz Telegram

Токиодағы жазғы Олимпиада коронавирус пандемиясына қарамастан өтетін болды.

Бұл туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс мәлімдеді, деп жазды Хабар24 Yahoo Sports-ке сілтеме жасап.

«Олимпиада коронавирус бар болса да өтеді. Ол 2021 жылы 23 шілдеде басталады. Бұл COVID-19-ды жеңген ойын болмақ», - деді Коутс.

Ол қабылдаушы ел Жапонияның алдында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша үлкен жауапкершілік тұрғанын айтып өтті. Коутстың айтуынша, Олимпиадаға коронавирус жағдайы қиын елдерден де спортшылар қатысады, бірақ ол жарысты ұйымдастыруға кедергі болмауы керек.

Пікірлер