Қазақтың Сұлтанбектей сұлтан ұлы (Видео)

3084
Adyrna.kz Telegram

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, публицист, ұстаз, Сұлтанбек Қожанұлы Қожановтың дүниеге келген күні.

1894 жылы 10 қыркүйекте қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданына қарасты Ақсүмбе ауылыда туған. 1910 жылы Түркістандағы 4 сыныптық орыс түзем бастауыш мектебін, 1913 жылы 3 сыныптық қалалық мектепті, Ташкент мұғалімдер семинариясын тәмамдаған. 1927 жылы Мәскеуде БК (б) П ОК Марксизм-ленинизм курсын  бітірген.

Күллі өмірін қазақ ұлтының болашағы мен гүлденіп-көркеюі үшін жұмсаған ұлы тұлға 1937 жылы 16 шілдеде Ташкентте тұтқындалып, 1938 жылы саяси қуғын-сүргін құрбаны болды.

1957 жылы ақталды. Алматы, Шымкент қалаларындағы көшелерге Қожанов есімі берілген. Түркістанда ескерткіш қойылған.

 

 

Ұларбек Дәлейұлы

Пікірлер