БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! БӘЙГЕ! Волонтерлерге арналған жобалар байқауына қатысыңыз!

717

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен  "Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" жобасы аясында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 22 жеңімпазға конкурс жариялайды.

Конкурс мақсаты:

Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлік бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастарды анықтау;

Конкурс міндеттері:

  • Еріктілер институтын дамыту;
  • Волонтер жастардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға қолдау көрсету;
  • Белсенді жастардың волонтерлық бағыттағы мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
  • Жастар бойында патриоттық сезімді оятып, өз ісіне сүйіспеншілікпен қарауға баулу;

 

Байқауға  Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы белсенді жастары қатыса алады. 

Байқау мерзімі: 2020 жылдың 10 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығы

Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:

  • Экологиялық ағарту жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
  • Оқушы, студент жастар мен әлеуметтік топтарға білім беруге бағытталған жобалар;
  • Балалар және қарттар үйіндегі адамдарды қолдауға бағытталған жобалар;
  • Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған жобалар;
  • Мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарихи ескерткіштерді, мәдени-мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтауға бағытталған жобалар;
  • Құқық қорғау және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жобалар;
  • Инновациялық жобалар;
  • Ғылыми жаңалықтар;
  • Информатикалық бағдарламалау;
  • Бизнес идеяларды іске асыратын жобалар;
  • Экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыруға арналған жобалар;
  • Әлеуметтік мәдени және спорттық жобалар;
  • Шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралар
  • Қоғамның әлеуметтік мәселелерді жариялайтын журналисттер немесе блогерлер;
  • Медициналық бағыттағы және карантин кезінде іске асырылатын жобалар;
  • Әдебиет пен тілге қатысты жобалар;
  • Жастар белсенділігін дамытуға арналған жобалар;
  • бапқа сай келетін басқа бағыттар.

    Карантин режимі күшейтілген жағдайда жобалар онлайн/офлайн форматта жүргізіледі.

Өтінімдер volonter_zhastar@bk.ru почтасына жіберілуі тиіс.

Байқау ережесі мен өтінімдерді  осы жерден (ЕРЕЖЕ РУС және ЕРЕЖЕ ҚАЗАҚША) жүктеп ала аласыз.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

 

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы