Швед депутаты Трампты Нобель сыйлығына ұсынды

1980
Adyrna.kz Telegram

Швед парламентінің депутаты Магнус Якобссон АҚШ президенті Дональд Трампты, сондай-ақ Сербия мен Косово үкіметтерін Нобель сыйлығына ұсынды.

«Мен Ақ үйде жасалған ынтымақтастық келісімі аясында бейбітшілік пен экономикалық даму жолындағы бірлескен жұмыстары үшін Америка басшылығына, Косово мен Сербия үкіметтеріне Нобель сыйлығын беру туралы ұсыныс тастадым »,-деп жазды ол Twitter желісінде.

Бұған дейін, 9 қыркүйекте Норвегия парламентінің өкілі Кристиан Тибринг-Гедде де Нобель комитетіне ресми өтініш жіберіп, АҚШ президентін Нобель сыйлығына ұсынған еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер