Конор Макгрегор Францияда сексуалдық зорлық жасады деген айыппен бірнеше күн қамауда болды

2011
Adyrna.kz Telegram

UFC чемпионы Конор Макгрегор Корсика аралындағы (Франция) жыныстық зорлық-зомбылық жасауға тырысу мен әдепсіз әрекетіне қатысты 10 қыркүйектегі мәлімдемеден кейін сот шешімі бойынша ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Allboxing-ке сілтеме жасап.

Оның адвокаты Эммануэль Рамон: «Ол бейсенбі күні қамауға алынып, сенбі күні босатылды», - деп хабарлаған. Адвокат мәлімдемедегі айыптауларды «қорлау» деп есептейді.

Жұма күні таңертең Конор Макгрегор твиттер парақшасында өзінің яхтасына USADA өкілдері келіп, оларға өзінен сынама алуға «рұқсат бергенін» айтқан.

Сенбі күні Конор Кальви аралынан Монакоға дейінгі 180 шақырымдық су велосипедінің жарысына шықпаған. Үш күн бұрын ұйымдастырушылар Конордың төрт адамнан тұратын командамен жарысқа түсетінін хабарлаған.

 

Фото ашық дереккөзден алынды 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер