Келісілген митинг: Қатысушылардың талаптары қандай?

2262

Бүгін 13 қыркүйекте Алматы қаласы, Ғылым ордасының маңында митинг басталды. Оқиға ортасында жүрген "Адырна" тілшісі Жасұлан Наурызәлінің айтуынша, митингке қатысушылар бірнеше талап қоюда.

"1. Бүкіл халыққа бір реттік несиелік амнистия жариялау! Банктерге емес, миллиондаған халыққа қолдау көрсетілсін!

2.Қытайдың Қазақстандағы елшісінің "қарулы күштерді түрлі түсті төңкерістерге қарсы қолданамыз" деген мәлімдемесіне қатысты билік ресми позициясын білдірсін!

3."Жер шетелдіктерге жалға берілмеуі тиіс!" деген норма Жер кодексіне енгізілсін!

"Халық мүддесін қорғайтын осы талаптарды қолдасаңыз, алаңға келіңіз, митингіге қатысыңыз!

Көп болсақ, күшпіз! Күш болсақ, бұл талаптарды сөзсіз орындатамыз!

Қолдаңыз, ағайын!  Толық ақпарат: Youtube - Демократиялы Қазақстан арнасында (Жанболат Мамай)" - делінген үнпарақтар таратылуда.

Митингте арнайы карантин талаптары да сақталуда. Мәселен, алаңға кірер алдында адамның дене қызуын өлшеп, маска таратады.

     

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі сөз бостандығын нығайту туралы уәде берген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы