Екібастұзда маскалар тегін таратылуда

2735
Adyrna.kz Telegram

Екібастұзда медициналық бетперделер мен жадынамаларды тарату науқаны жалғасуда. Жастар бастамаларын дамыту орталығының волонтерлері КВИ-дың алдын алу бойынша кезекті жұмыс жүргізді. Осы жолы олар тегін маскаларды, брошюраларды қаланың ірі сауда нүктелерінде, адамдар көп шоғырланған жерлерде таратты.
«Елімізде карантин жеңілдетілсе де, маскаларды тағуды, дистанция сақтауды жалғастыру керек. Барлық тұрғындарды санитарлық талаптарды сақтауға шақырамыз. Жақындарыңызға және өздеріңізге жанашыр болыңыздар»,- дейді​ волонтер Алихан Балмухамбетов.
​ Бір ай ішінде коронавирустық инфекцияның алдын алу бойынша ​ бір рет қолданылатын 500 тегін маскалар мен 1200 ақпараттық буклеттер, брошюралар мен парақшаларды тегін тарату бойынша 10-нан астам акция өткізілді. Сонымен қатар, үй кіреберістерінде және қалалық маршрутты автобустарда профилактикалық материалдарды орналастыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Пікірлер