Алматы қолөнершілері жарықсыз, сусыз және газсыз өмір сүруде (видео)

2212
Adyrna.kz Telegram

Алматыда Көкшоқы шағын ауданында қолөнермен айналысатын тұрғындар көпқабатты үйде көмір жағып, суды өзеннен тасуға мәжбүр. Олардың пәтері орталықтандырылған кәріз жүйесіне және электрмен жабдықтауға қосылмаған. Бұл туралы "Адырна" тілшісі Almaty.tv  арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұрын "Шеберлер ауылы" деп аталған жерге Қазақстанның әр түкпірінен қолөнер шеберлері жиналған. Олардың арасында "Қазақфильмге" деректеме әзірлеген Марат Бозымбаев та бар.

"Екі жыл бұрын газ құбырын жүргізді, бірақ үйге сол күйі қосылған жоқ. Міне 30 жылдан бері балаларымыз, әйелдеріміз үйді көмірмен жылытуға мәжбүр. Өзімізге тамақ та пісіре алмаймыз. Орта ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Ауылда ешқандай жағдай жоқ. Әкімдіктен проблемамызды шешуді сұраймыз", - деді тұрғын Марат Бозымбаев.

Көкшоқыдағы жалғыз су көзі - колонка. Тұрғындар ұзын-сонар кезекке тұрып су тасиды. Судың сапасы да нашар.

Алты жыл бұрын ауылды қаланың Бостандық ауданына қосқан. Алайда тұрғындар содан бері шенеуніктер кабинетінің табалдырығын тоздырды, нәтиже жоқ.

Ал жергілікті билік жолға асфальт төсеп, жарық өткізуді келесі жылға жоспарлап отыр. Көкшоқы тұрғындарына тек күту керек.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер