АҚШ-тағы президент сайлауы: Трамп тағынан тая ма?

655

  3 қарашада АҚШ-та президент сайлауы өтеді. Дональд Трамп  екінші мәрте орнында қала ма әлде Демократиялық партияның өкілі Джо Байден билікке келе ме деген сұрақтардың жауабы нақтыланар күнге де бір айдан аса уақыт қалды. Саясат сахнасында 1970 жылдардан бері жүрген Джо Байден бұған дейін жұртшылыққа Барак Обама үкіметінде вице-президент міндетін атқарушы қызметі арқылы танылған болатын.

Cайлау науқаны алдында әлеуметтанушылар жергілікті тұрғындар арасында сауалнамалар жүргізіп, сайлаушылардың бүйрегі кімге бұрады деген мәселені анықтауға тырысады. Бірақ, бұл сайлау нәтежиесінің нақты көрсеткіші деуге келмейді. Мәселен, 2016 жылы Хилари Клинтон сайлауалды сауалнамаларда Дональд Трампқа қарағанда 3 миллионға жуық артық дауыс жинаған болатын. Жыл басынан бергі ел ішілік сауалнамаларда Джо Байден Трамптан озып кетті. Соңғы апталарда оның рейтингі 50% болды. Дей тұрғанмен де, бірнеше күннен бері Трамптың жағдайы оңалып келеді. Би-би-си жариялаған (жалпыхалықтық сауалнамалар нәтежиесіне сүйеніп) сауалнаманың 15 қыркүйектегі нәтежиесі бойынша Трамп 43% көрсеткішке ие.

АҚШ-тағы сайлау нәтежиесі штаттарға тәуелді. Әзірге ол мәселе бойынша Джо Байденнің жағдайы жақсы деуге болады. Сайлауға дейін әлі бір айдан аса уақыт бар екенін ескерсек, жағдайдың әп сәтте өзгеруі де ғажап емес. Сауалнамалар нәтежиесі Байденнің Мичиган, Пенсильвания және Висконсин  сынды штаттарда жетекші орынға ие екенін көрсетті. Естеріңізде болса, 2016  жылғы сайлауда  Дональд Трамп аталған штаттарда 1%-ға жуық басымдықпен жеңіске жеткен болатын.

Трамптың сайлау командасын алаңдататын тағы бір нәрсе – ол 2016 жылы айқын басымдыққа ие болған штаттардағы жағдай. 4 жыл бұрын Айова, Огайо, Техас сынды негізгі штаттарда 8-10 пайызбен алға шықса, қазір үш штатта да Джо Байденмен дауыс саны шамалас.

Коронавирус індетінің өршуі Трамптың орнында қалу немесе қалмау мәселесінде негізгі фактор болуы мүмкін. Наурыз айының ортасында елде төтенше жағдай жарияланып, індеттің алдын-алу үшін 55 млрд доллар қаржы бөлінген болатын. Трамптың бұл шешімін сол кезде американдықтардың 55 пайызы қолдады, деп хабарлайды тұрақты түрде сауалнамалар жүргізген Ipsos. Бірақ қарсылас партия демоктараттардың қолдауы уақыт өте келе жоғалды. Ал республикашылдар өз президенттерін қолдауын жалғастырды.  Алайда, соңғы мәліметтер бойынша оның жақтастары да шығарған шешімге күмәнмен қарай бастаған. Себебі, елдің оңтүстігі мен батысындағы штаттарда вирус қайта өрши бастады. Шілде айында Трамптың шешімін қолдаушылар 78 пайызға дейін төмендеп, тамыз айының соңында біршама өскен. Вашингтон университеті сарапшыларының болжауынша, сайлау күні коронавирустан қайтқандар саны 260 000 мыңға жетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, қазан айында АҚШ-та коронавирусқа қарсы жаппай егу науқаны басталады. Трамптың "Warp Speed операциясы" және оның әкімшілігінің вакцинация туралы бастамасы – сайлау жағдайын өзгерте алады деген бұлыңғыр үміттен туындаған шешім болуы мүмкін. Аталған жобаның бас кеңесшісі вакцинаның 3 қарашаға дейін таралуына күмәнмен қарайды.

Материал BBC-дің орыс қызметінен ықшамдап аударылды

 

Пікірлер
Редакция таңдауы