Иран АҚШ санкцияларының салдарын бағалады

2004
Adyrna.kz Telegram

­Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф АҚШ-тың Ислам мемлекетіне қарсы салған жаңа санкцияларының салдарын бағалады. Бұл туралы ол «Халықаралық қатынастар комитеті» ұйымдастырған пікірталас алаңында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы  tass.ru-ға сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрінің айтуынша, АҚШ-тың кезекті санкциясында өзгерістер жоқ.

«Менің ойымша, олар Иранға айтарлықтай әсер етпейді», - деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қыркүйекте АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео БҰҰ-ның Иранға қарсы санкцияларын қайта енгізетінін мәлімдеген еді.

                                                                                                                                "Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер